Кеше | 10:44

Қандай жағдайда ерлі-зайыптының мүлігі бөліске түспейді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: depositphotos.com Фото: depositphotos.com

Елімізде жыл сайын ажырасатын ерлі-зайыптылар көбейіп келеді. Әдетте ажырасу кезінде ерлі-зайыптының ортақ мүлігі бөліске түседі, дегенмен мүлік бөлінбейтін жағдайлар да кездеседі. Ол қандай жағдай? Massaget.kz тілшісі адвокат Альбина Бахтиярқызынан сұрады.


Елімізде жыл сайын ажырасатын ерлі-зайыптылар көбейіп келеді. Әдетте ажырасу кезінде ерлі-зайыптының ортақ мүлігі бөліске түседі, дегенмен мүлік бөлінбейтін жағдайлар да кездеседі. Ол қандай жағдай? Massaget.kz тілшісі адвокат Альбина Бахтиярқызынан сұрады.

Ерлі-зайыптылардың мүліктерін бөлу мәселесі Қазақстан Республикасының Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодексімен реттеледі.

Альбина Бахтиярқызы мүлік бөліске түспейтін жағдайлардың тізімін жасады:

1. Некеге дейін алынған мүлік. Егер ерлі-зайыптының бірі мүлікті некеге тұрғанға дейін сатып алған болса, ол жекеменшігі болып саналады және бөліске түспейді.

2. Сыйлық немесе мұрагерлік арқылы алынған мүлік. Неке кезінде сыйлыққа алынған немесе мұрагерлікпен өткен мүлік тек оны алған тұлғаның жекеменшігі болады.

3. Жеке пайдалануға арналған мүлік. Мысалы, киім-кешек, жеке заттар, әшекей бұйымдар (қымбат бағалы болса да) бөліске жатпайды.

4. Балаларға арналған мүлік. Балаларға арналған заттар немесе олардың атына жазылған мүлік (мысалы, шоттар немесе пәтер) те бөліске түспейді.

5. Некелік шарт (контракт). Егер ерлі-зайыптылар арасында некелік шарт жасалған болса, онда мүлікті бөлу шарт бойынша жүргізіледі. Некелік шартта мүлікті бөлісу тәртібі анық көрсетілуі мүмкін, соған сәйкес кейбір мүлік бөліске түспейді.

"Егер аталған жағдайлар болмаса және некелік шарт жасалмаса, жалпы ереже бойынша неке кезінде алынған барлық мүлік ортақ меншік болып саналады және бөліске түседі", - деді адвокат.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 480.65   534.33   5.27 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети