Қазақстанның қай аймағын алып қарасаңыз да «қанды жолы» яғни, үнемі жол апаты жиі орын алатын аумақтары бар. Шымкенттен Ташкентке шығатын жолда жергілікті жұрттың тілінде «қасқа» деп аталатын асу бар. Осы аумақта жол апаты жиі орын алады. Айына емес, апта сайын мұнда түрлі жол көлік оқиғасы тіркеліп тұрады. Осы маңға жақын жерде мұсылман зираты бар. Сол зираттың жанынан салынған түрлі бағытқа шығатын айналма көпір бар. Сол айналма көпірдің айналасының қай маңын алып қарасаңыз да жол апаттары жиі орын алып тұрады. Сол себептен де мұндағылар бұл жерді «қанды жол» атап кеткен.

Кеңес одағы кезінен бері Карл Маркс деп аталатын ауыл бар мұнда. Осындағы тұрғылықты тұрғындар жол апатттарына жиі куә болып тұрады. Былтырғы жылы жол жиегінде автобус күтіп тұрған жап-жас қызды алып жүк көлігі қағып кетті. Жолды кесіп өтпек болған жүкті келіншектің ажалы да темір көліктен болды. Түркиядан жүк тасымалдайтын ұзындығы 25 метр болатын ауыр жүк көлігі жуырда жолдың шетіне тоқтаймын деп батпаққа батып аударылып қалды. Жуырда ғана көпір үстіне тоқтаған, Қытайдан әкелінген жап жаңа жолаушылар автобусы отқа оранды. Абырой болғанда ішіндегі жолаушылар дер кезінде сыртқа шығып үлгерген. Бұл берідегісі ғана. Оған дейін де естіген елдің жанын түршіктірер небір ауыр жол апаттары орын алған болатын. Ілгеріде ауыл ақсақалдары қанды жол аталған жолдың бойына бір мал құрбандық шалайық деген-тін. Ақыры бұл іс аяқсыз қалды. Одан бері де қаншама жол оқиғасы болды, қаншама жанның осы жол бойында қаны төгілді. Әлі де тиылар емес. Бәзбіреулер кезінде Ташкентке шығатын осы жолдың бойында зират болған деседі. Алып магистраль сол ескі зираттың орнына тұрғызылған-мыс. Сол себептен де қара жолдың бойында қан төгілуі тиылмайтыны осы себептен-міс. Кім білген, айтылған жәйдың бір шындығы бар шығар. Айналып келгенде шынында да неге осы жолдың бойында жол апаты жиі орын алады? Мұндай оқиғаларды тізбектей берсең тырнадай тізіліп кете береді...
Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар...