Қандысайдың құпиясы немесе 19 комиссардың бірі Ұзақбай Құлымбетов қазаққа қандай еңбек сіңірді?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Алматы түбіндегі Қандысайда қойылған мемориал Алматы түбіндегі Қандысайда қойылған мемориал

1997 жылы Елбасымыз "Ашаршылық және репрессия құрбандарын еске алу күні" деп бекітіп, жарлыққа қол қойған болатын. Бүгін, 31 мамырда іс-шаралар болып өтті. Содан бері, жер-жерде қаралы күн атап өтіліп келеді. Мәселен, бүгін Алматы қаласындағы Қарғалы саябағында қала әкімі Бауыржан Байбек қоғам қайраткерлерімен бірге қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткішке гүл қойды. Сонымен бірге, Алматының Алатау ауданына қарасты Қарасу ауылының маңында Қандысай деген жерде де белгітасқа гүл шоғын қою рәсімі өтті. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

1997 жылы Елбасымыз "Ашаршылық және репрессия құрбандарын еске алу күні" деп бекітіп, жарлыққа қол қойған болатын. Бүгін, 31 мамырда іс-шаралар болып өтті. Содан бері, жер-жерде қаралы күн атап өтіліп келеді. Мәселен, бүгін Алматы қаласындағы Қарғалы саябағында қала әкімі Бауыржан Байбек қоғам қайраткерлерімен бірге қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткішке гүл қойды. Сонымен бірге, Алматының Алатау ауданына қарасты Қарасу ауылының маңында Қандысай деген жерде де белгітасқа гүл шоғын қою рәсімі өтті. 


Ашаршылық және репрессия құрбандарын еске алу шарасы

Бұл жерде Ұзақбай Құлымбетов бастаған 19 коммисардың атылғаны айтылады. Бұл туралы Құлымбетовтің тікелей ұрпағы Орынша Қарабалина-Қазыбаева былай дейді:  "1988 жылы Боралдайда 19 комиссардың сүйегі жатыр екен деген сөз тарады. Бұл туралы айтып кеткен Шақпақ Артықбаев. Ол 1938 жылы сәуір-маусым айларында Қазақ КСР жеңіл өнеркәсіп халық комиссары қызметін атқарған. Оның айтуынша, бір күні оның жүргізушісі жоғалып кетеді. Бір жетіден кейін келгенде "Қайда жүрсің? Маған неге айтып кетпейсің?" деп сұрайды ғой. Сөйтсе, ол үндемейді. Сол кезде жүргізушімен қаладан шығады. Жүргізушінің айтуынша, оны НКВД-ның сол кездегі Дзержинский көшесіндегі орталығының маңына алып барыпты. Алып барғаннан кейін көзін байлап қойыпты. Көліктің жүк салатын жеріне бірдеңе салып жатқанын сезеді. Сосын Боралдайға қарай жүрдік депті. Сонымен 19 рет Боралдай сайына барғандығын айтады. Бірде жүк салатын жері ашылмай қалыпты. Содан кейін оған "багажыңды аш" деп бұйрық беріпті. Ол көзі байлаулы қалпында багажын ашып, дағдысы бойынша қолын салып жіберсе, адамның жансыз денесіне қолы тиген. Шақпақ Артықбаевта 19 комиссар осы жерде жатыр ғой деген ой туады.


Қандысайдағы мемориалға гүл қою рәсімі

Кейін сол жерге жасырын барып, тас қойып кетіпті. Сөйтіп жүргенде Шақпақ Артықбаевтың өзі де, жүргізушісі де ұсталып кетеді. 1958 жылы Артықбаев бостандыққа шығады. Қайтып келгеннен кейін 19 адамның ұрпағы бар ма екен деп, іздей бастайды. Сол кезде Есқараев деген прокурордың Марат есімді баласын тауып, 19 комиссардың жатқан жері деп алып барады. Міне, біз Қандысайдағы жағдайды осыдан білдік", - дейді Орынша Қарабалина-Қазыбаева. Содан бері сол жердегі 19 комиссардың ұрпақтары Қандысайдағы мүрдеге жыл сайын баратын еді. Кейін "Бұл жерде 19 комиссар жоқ, бәрі Жаңалықта" деді...


Ұзақбай Құлымбетов (1891 - 1938)

Сол 19 комиссардың бірі ҚазЦИК-тің төрағасы Ұзақбай Құлымбетов еліне мынадай еңбек сіңірген: Ол Республикадағы өнеркәсіптің қалыптасуына, Түрксіб теміржол құрылысының салынуына, екі жылдық мұғалімдер институтының алты облыста ашылуына тікелей араласқан, 1925 жылы сәуірдің 9-10 өткен Қазақстан облыстық партия комитетінің үшінші пленумында Қазақстандағы өнеркәсіптің жайы және оны дамытудың шаралары туралы баяндамасында РСФСР халық шаруашылығы кеңесінің алдына Жітіқара, Аққарға, Бозбие алтын кенішін ҚАКСР-на қайтару туралы мәселе қойды. Сонымен қатар, 1927 жылы астананы Қызылордадан Алматыға ауыстыру жөніндегі комиссияның төрағасы болған да осы Ұзақбай Құлымбетов екенін дәлелдейтін құжаттар бар. Ұзақбай Құлымбетов Карлаг, Алжир сияқты бөлім лагерьлерінің Қазақстан жерінен қоныс тепкендігіне қарсы болды. Құлымбетов Голощекиннің ауылды басқару әдістеріне де қарсы шыққан. (1933 жыл, Өлкелік Комитеттің VI пленумы). Құлымбетов Қазақ Орталық Атқару Комитеті Төрағасы қызметін­де тұрған кезде Қазақ автономиялық рес­публи­касы одақтық республика мәртебесін алды. 1937 жылғы наурыз айында өткен Қазақстан Советтерінің X съезінде Қазақ ССР-нің жаңа Конституциясы бекітілді. Осы салаларда да Құлымбетовтің үлесі зор.


Репрессия құрбандарын еске алу күніне арналған шара

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.5  course up  583.17  course up  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro