23 қыркүйек 2014 | 10:34

Қара жолдың бойына белгітас қою дұрыс па?

ПОДЕЛИТЬСЯ

v-chelny.ru v-chelny.ru

 Автотрассаларда орын алған жол апаттарынан көз жұмғандар саны жыл санап артып барады. Шұқыр-тесігі көп, қауіптілігі жағынан бірінен бірі басып озатын трассалар көп. Мамандар жуырда ғана еліміз бойынша ең қауіпті жолдардың рейтингісін жасап шығарған болатын. Жағдай жаға ұстатарлықтай. Алматы, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарының республикалық және халықаралық маңызы бар жолдары ең қауіпті жолдар деп танылды.


Иконка комментария блок соц сети

 Автотрассаларда орын алған жол апаттарынан көз жұмғандар саны жыл санап артып барады. Шұқыр-тесігі көп, қауіптілігі жағынан бірінен бірі басып озатын трассалар көп. Мамандар жуырда ғана еліміз бойынша ең қауіпті жолдардың рейтингісін жасап шығарған болатын. Жағдай жаға ұстатарлықтай. Алматы, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарының республикалық және халықаралық маңызы бар жолдары ең қауіпті жолдар деп танылды.

Осы жолдарда жол апаттары көп орын алады екен. Алматы облысының жолдарында бір жылда 634 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 310 адам қайтыс болған және 717 кісі түрлі дене жарақатын алып, зардап шеккен. Оңтүстік Қазақстан облысының жолдарында биыл 235 жол апаты тіркелсе, соның салдарынан көз жұмғандар саны – 127, зардап шеккендер – 355 адам. Үштікті Қарағанды облысы аумағынан өтетін жолдар еншілейді. Мұндағы жолдарда 186 бақытсыздық жағдайы орын алған. Сол апаттар салдарынан 262 адам жарақат алып, 95 адам қайтыс болды. Еліміздегі ең қауіпті жолдар тізімін Жамбыл облысының жолдары түйіндейді. Өткен жылы осы өңірде 151 жол апаты тіркелген. Соның салдарынан 122 адам көз жұмып, 173 адам жарақаттанған. Қара жол қаншама адамның өмірін қиып жатыр. Бұрын осындай «қанды жолдарға» арнап мал сойып, арнайы тасаттық беріп жататын. Бүгінде бұл үрдіс үзілді. Дегенмен соңғы әлетте жол апатынан қайтыс болған кiсiге арнап жол бойына белгiтас қоятын болдық. Бұрын соңды болмаған мұндай «салт» ешбір елде жоқ. Бірде Түркиядан келген қонақ «елдеріңізде жол бойының бәрі зиратқа айналып кетіпті ғой» деп таңданыс білдіріпті. Мұндай үрдіс ТМД елдерінің ішінде ала топылы ағайындар мен біздің елімізге ғана тән екен. Қаншама рет қарсылық білдірілсе де оны құлаққа ілетіндер аз. Әлгіндей белгiтастар әсiресе Жамбыл облысының Т.Рысқұлов, Меркi аудандарындағы күре жолдың бойында көп кездеседі. Сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан облысындағы Түркістанға шығатын жол бойында да көп. Халықаралық маңызы бар «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» жол дәлізінің салынуына байланысты олардың бәрі де орнынан алынып тасталды. Егер осылай жалғаса берсе, жолдың бойы мазаратқа айналып кетпесіне кiм кепiл? Осы мәселе кезінде облыстық әкімшіліктің жанындағы діни кеңесте қаралған болатын. Онда жол бойына белгітас қоймау туралы қаулы да шығарылыпты.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар...

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети