05 қыркүйек 2014 | 15:47

Қайда қарасаң, Айнұр мен Айгүл...

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алаш айнасы иллюстрациясы Алаш айнасы иллюстрациясы

Бір құрбым айтпақшы, қазіргі кезде «айфонсыз дәретханаға бару – қарусыз жауға шабумен бірдей» болып қалды. Бүгінде еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін селтиіп тұрып селфилетіп, жүрген-тұрғанын, ішкен-жегенін, киген киіміне дейін суретке түсіріп, әлеуметтік желіде көпшілікке жариялауды әдетке айналдырды емес пе? Ауру қалса да, әдет қалмайды ғой, үлкен-кішіні ғаламторға жіпсіз байлаған әлеуметтік желілер талайдың «жұлдыз ауруын» қоздырып жүргенін көзіміз көріп жүр. Өзіміз де әлеуметтік желіні пайдаланатын болғандықтан ешкімге соқтықпайықшы деп жай жүргенбіз. Алайда «Алаш айнасына» Нәзира есімді оқырманнан келген мына бір хатты оқып ойланып қалдық....

Иконка комментария блок соц сети

«Менің әлеуметтік желілерге тіркелгеніме 2 жылдан асты. Желілерге тіркелкенім болмаса, өзім суреттерімді жарияламаймын, пост та сирек жазамын, бірақ достарым көп. Ел алдында жүрген танымал адамадардың жеке өмірі қашанда көпшілікке қызық қой. Менің де достарымның арасында танымалдар жетіп-артылады. Әншісі дейсің бе, күйшісі, ақыны, журналисі, тіпті депутаты да бар, сонымен не керек, 7-8 мың виртуалды досымның арасында есімі елге таныстарының қайсы қай жерде, кіммен, не істеп жүргенін біліп отырамын. Бүгінде өзін-өзі жарнамалауды жақсы көретіндер үшін әлеуметтік желілер таптырмас «пиар» алаңына айналды ғой. Журналистер мен ақын, жазушылар, ғалымдар мен саясаттанушылар үшін facebook.com пікір таластыру, ақпарат алмасу үшін қажет болса, instagram.com әсіресе өнер адамдарының әрленген бет-жүздерімен, киім-кешектерімен, демалған орындарымен, оқыған кітаптарымен, үй-жайларымен мақтануы үшін арнайы ойлап табылған секілді. Бұрындары әнші, актерлерді оқта-текте теледидардан көрсек мәз болатынбыз. Қалаға анда-санда келгенде сүйікті әншілеріміздің концерттеріне баруға, санаулы газет-журналдарда шыққан тұщымды сұхбаттарын оқуға тырысатынбыз. Ал қазір «жұлдыз» біткеннен көз аша алмайтын болдық. Күнде белгілі бір адамдардың бет-бейнелерін көре беру де адамды жалықтырады екен. Теледидарға қарасаң, әншінің бірі бағдарлама жүргізеді, клипке түседі, кинода ойнайды, одан қалса, қаптаған ток-шоуларға келіп экраннан елге ақыл айтады. Айталық, Айгүл Иманбаеваны актриса ретінде мойындаймын, бірақ сол Айгүл несіне шоу-бизнесте жүр, өзі тойдан да қалмайды.

Той демекші, қазір өзі тойдың маусымы ғой. Демалыстарын шетелде, өле жатқаны Түркияда өткізіп келген өнер адамдары бір күнде бірнеше тойға барып "қарқ" болуда. Актерлердің көбі асаба, ал әншілер сәнделіп тойға барып ауыздарын жыбырлатып кемінде 3000 доллар алып кетеді. Әйтеуір, тойшыл халық «пәленшенің тойына түгенше деген әншілер келді» деген әңгіме үшін ақшаларын шашып мәз.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыз...

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети