03 қараша 2014 | 11:20

Қайрат Нұртас мені қалай өлімнен құтқарып қалды?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қайрат Нұртас ©art.gazeta.kz Қайрат Нұртас ©art.gazeta.kz

 ...Осы әнді естіген сайын жылап қаламын. Сосын, сабырға келіп, өз өзімді басуға тырысамын... Бәрін басынан бастап баяндайыншы. Күйеуім екеуміз әу баста сүйіп қосылдық. Жанды елжіретер тәтті сезім де, сағынып қауыштырар ыстық жүрек лүпілі де болды бізде. Бірақ жылдар өте арамызда сызат пайда бола бастады. Ол – күйеуімнің беті жылтыраған қыз-қырқынға құмарлығы еді. Бәлкім оның бұндай қасиетсіз жолға бет бұруына менің де кінәм бар шығар, кім білген?..

Иконка комментария блок соц сети

Жасы келген соң қояр деген үмітім де жоқ емес-тін. Бірақ ол қырықтан асқан соң тіптен құтыра бастады. Айқайластық та, ұрыстық та, жайлап та айтып көрдім, бірақ қояр болмады. Әке-шешесі де келіп «отбасыңды сақта, басыл» деп талай ақылын да айтты. Бірақ «жартасқа бардым, күнде айқай салдымның» кері шықты. Көп ішетінді, апталап жоғалып кететінді шығарды. Бәріне көндім, бәріне төздім. Балаларым үшін... Қашанғы шыдайын, мен де ет пен сүйектен жаралған пендемін ғой. Сынып кеткен кездерім де болды. Аузыма алып көрмеген арақтың да дәмін татып көрдім, темекіні де шектім. Бәрі де ішімді удай ашытқан уайым қайғыдан-тын. Көз жасымды көлдетіп, көрер таңды көз ілмей атырған кездерім де көп болды. Бірақ бәрі де бекер. Қанына біткен қасиетсіз тірліктен қол үзіп кете алмады. Қояр болмады. Үмітім де шуда шіптей үзілуге айналды. Артта қалған балалық шақты қайтып оралар деп үздіге күткен ақымақтың үмітіндей еді менікі.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети