Қайрат Сатыбалдыұлы Қазақстанға не қайтарды: тізім

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Иллюстрация Tengrinews.kz Иллюстрация Tengrinews.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қайрат Сатыбалдыұлы мемлекетке қайтарған мүліктің тізімі туралы мәліметті ұсынды.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қайрат Сатыбалдыұлы мемлекетке қайтарған мүліктің тізімі туралы мәліметті ұсынды.

Ведомствоның Tengrinews.kz-ке ресми жауабында Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты қылмыстық істер "Қазақтелеком", "Көлік сервис орталығы" қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлау, қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге де мүлікті заңдастыру, сондай-ақ, оның бақылауындағы компанияның кедендік бажды төлеуден жалтару деректері бойынша тергелгені айтылады.

"Тергеу барысында Қ.Сатыбалдыұлы кінәсін толық мойындады, залалды толық көлемде өтеді, сондай-ақ, қылмыстық құқықбұзушылықтарды тергеуге және қылмыстық жолмен алынған мүлікті ашуға ықпал етті.

2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін  Сатыбалдыұлы және оған қатысы бар тұлғалар мемлекетке заңсыз жолмен алынған 732,8 миллиард теңгеден аса соманың мүліктік активтері мен қаражатын немесе 1,6 миллиард долларды қайтарды", - деп жазылған Антикор мәліметінде.

Оның 661,5 миллион доллары шетелден табылды. Ведомство мәліметінше, олар Қазақстанға Австрия, Лихтенштейн, БАӘ, Түркия және басқа елдерден қайтарылды.

Антикор мәліметі бойынша қайтарылған активтерге әкімшілік ғимараттар, эксклюзив зергерлік бұйымдар, сәнді үйлер, пәтерлер мен автомобильдер, акциялар мен компаниялардың үлестері, теміржол және ақша кіреді.

Қайтарылған активтерге не кіреді (732,8 миллиард теңге)?

  • "Қазақтелеком" АҚ акцияларының 28,8 пайызы - 93,8 миллиард теңге.
  • "КСО" АҚ – 30,2 миллиард теңге.
  • 4 компаниядағы қатысу үлесі – 10,3 миллиард теңге.
  • Қазақстандағы мүліктік активтер – 158,5 миллиард теңге.
  • Эксклюзивті зергерлік бұйымдар – 105,39 миллиард теңге (230 миллион доллар)
  • Қазақстандық шоттардағы ақша – 36,8 миллиард теңге.
  • Австриядан келген ақша – 36,8 миллиард теңге (82,1 миллион доллар)
  • Лихтенштейннен түскен ақша – 116,7 миллиард теңге (260,5 миллион доллар) 
  • БАӘ-нен келген ақша – 6,3 миллиард теңге (14 миллион доллар);
  • Түркиядан келген ақша – 2,2 миллиард теңге (4,92 миллион доллар);
  • Бағалы қағаздарды сату – 135,8 миллиард теңге (300 миллион доллар).

"Мемлекеттік меншікке құны 158 миллиард теңгеден асатын 115 қазақстандық нысан берілді, оның ішінде 73-і жылжымайтын мүлік: 13 үй, 10 ғимарат, 13 жер учаскесі, 4 пәтер, 3 ғимарат, 2 медресе ғимараты, 2 тұрақ орны, 25 үй-жай, 1 аяқталмаған құрылыс нысаны), 37-сі жылжымалы мүлік  (29 көлік, 5 арнайы техника, 3 квадроцикл) және өзге де мүлік", - деп жазылған жауапта.

Мүліктің бір бөлігі оның жақын туыстарына, үлестес тұлғаларға және бақылауындағы компанияларға ресімделген.

Астана мен Алматыдан мемлекетке берілген әкімшілік ғимараттардың жалпы ауданы 180 мың шаршы метрден асады.

Суреттер: Антикор

"Люкс нысандардың бірі - Сатыбалдыұлының бұрынғы резиденциясы Ақмола облысының Барап ауылында жалпы ауданы 1,5 мың шаршы метр аумақта орналасқан, ол Астана қаласының Білім басқармасына берілді", - деп жазылған агенттік жауабында.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro