Өзім ауылда тұрсам да мектепте жұмыс істегендіктен ғаламторды жиі пайдалануға тырысамын. Өйткені біздің ауылда интернетке тек мектептегі компьютерлер қосылған. Бірде ғаламторды ақтарып отырып «Алаш айнасы» сайтын тауып алған едім. Осы сайтта небір қызықты материалдар жарияланатын болғандықтан тұрақты оқырманға айналдым. Әсіресе «Отбасы – ошақ қасы» айдарындағы өзіміз секілді қарапайым адамдардың тағдыры туралы оқып, түрлі ойға шомасың. Бүгін мен де өзімді мазалап жүрген ойымды оқырманмен бөлісуді жөн көріп отырмын.
Мен 4 баланың анасымын, 3 ұлым бір қызым бар. Үлкен екі ұлым үйленіп, балалы-шағалы болды. Тұңғышым отбасымен Семей қаласында тұрады. Қызым Құралай да Семейдегі жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін көп ұзамай тұрмысқа шыққан болатын. Күйеубалам Семей қаласына жақын ауылдың баласы еді. Қызым мен күйеубала бізден алыста тұратындықтан айына-жылына бір көреміз. Күйеубаламның мінезі біртоға, көп сөзі жоқ, жуас бала секілді көрінген. Ал менің қызым үш ұлдың арасында жалғыз қыз болғандықтан ерке болып өсті, әкесі әрқашан қызының сөзін сөйлеп, бетінен қақпай өсірді. Бірақ қызымызды қанша еркелетсек те мінезі салмақты, жауапы, ұқыпты болып бойжетті. Сондықтан ол қалада оқып жүргенде де мен Құралайға аса алаңдаған жоқпын. Жеңілтектік жасап, оқуын дұрыс оқымай, алдау-арбауға түсіп, келеңсіздіктерге ұрынып қалады-ау деп тіпті ойламайтынмын. Өйткені мен оған сендім, ол менің сенімімді ақтады. Жоғары оқу орнын ойдағыдай аяқтап, математика пәнінің мұғалімі деген мамандық алып шықты. Дипломын қолына алғанан кейін әкесі екеумізге және үлкен ағасына өзінің достасып жүрген жігітін таныстырды, көп ұзамай тұрмысқа шықты. Бір қыз, бір ұлды дүниеге әкеліп, отбасымен жап-жақсы тұрып жатқандай көрінетін бәрімізге. Жақында төбемізден жай түскендей оқиға болды.
Жолдасым екеуміз үш баламызды аяқтандырдық, енді кенже баламызды үйлендіріп, сонымен бірге тұрамыз, сол кезде екінші ұлды бөлек шығарамыз деп ойлап жүретінбіз. Бір күні жұмыстан үйге келсем, қақпаның алдында үлкен жүк көлігі тұр. Ойымда ештеңе жоқ, жолдасыма келген жұмысшылар шығар деп мән бермей үйге кіре бергенім сол еді алдымнан Құралай қызымның балалары «апалап» жүгіріп шықты. «О, немерелерім қонаққа келген екен ғой» деп қуанып асығып ішке кірсем, қызым сырттағы жүк машинасынан екі жігітке заттарды түсіртіп, үйге орналастырып жатыр екен. Мен түкке түсінбесем де: «Қызым-ау, қашан кеп қалдыңдар, неге алдын-ала хабарласпадыңдар?» деп бәйек болып жатырмын. Сонда қызым: «Мама, амансың ба?» деп құшақтап бетімнен сүйді де: «Мама, мен енді сендерден ешқайда кетпеймін, менен әзірге ештеңе сұрамашы» деді. Жүрегім зырқ ете түсті. Қызыма білдірмесем де, іштей «не боп қалды, сонда күйеуінен ажырасып қайтып келгені ме? Құдай-ау, ренжісіп қалса, өзіміз берген жасауымен, жүктерімен бірақ көшіп келгені несі?» деп ойым сан-саққа жүгірді. Кешке әкесі келіп, бәріміз дастарханға жайғасқанымызда Құралай: «Папа, мама, мені кешіріңдерші! Мен Мұратпен тұра алмадым, отбасымды сақтай алмадым. Енді оған қайтып бармаймын. Өтінем, неге өйткенімді сұрамай-ақ қойыңыздаршы» деді.
Біз қызымыздың онсыз да жаны қиналып, күйзеліп, бізден пана іздеп келгендіктен оны мазаламауды, артық сұрақ қоймауды ұйғардық. Әкесі: «Ауыл адамдары не десе, о десін, қызымнан әрнәрсені сұрап мазасын алма, өзі айтқысы келгенде айтар» деді.
Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар...