"Үйлену оңай, үй болу қиын" демекші, бұл өмірде өз жарыңды тауып, жеке отау құрғанға, соның ішінде үбірлі-шүбірлі болғанға не жетсін? Бұл кез келген ер адамның арманы деп ойлаймын. Бірақ үйлену оңай болғанымен, үйлі, баспаналы болу өте қиын екендігін дәлелдеудің өзі артық. Дегенмен үйлі бола тұрып, сол баспанаға өзің иелік ете алмау ер адамға үлкен қасірет екен. Мен өз басымнан өтіп жатқан жағдайды "Алаш айнасының" оқырмандарымен бөліскім келеді.

Менің сүйгеніммен қосылып, отбасын құрғаныма алты жыл болды. Аллаға мың да бір шүкір, екі ұлымыз бар. Әйтеуір, жұбайым екеуміз тырмысып жүріп, ақшаны қысып жинап, қаладан бір бөлмелі ескі үй сатып алдық. Бірақ сол үйді сатып алғалы бері қайын жұртым ағылып келе беретін болды. Алдымен енем, одан кейін қайын атам келіп, үш-төрт айлап жатып алады. Тіпті ауылдағы, қаладағы балаларының бәрін біздің үйге шақырып алып, проблемаларын осында шешуге кіріседі. Кеш батқанда қуықтай бір бөлменің есігінен төріне дейін төсек салынып, таңертең жұмысқа сүрініп кетеміз. Міне, осылай өмір кешіп жатқанымызға үш-төрт жыл болды. Бір емес, екі емес, олардың осы қылығынан қазір әбден мезі болдым. Оңашада отырып әйеліме де айтып көрдім, ұрыстым да, тіпті ұрып та жіберген кездерім болды. Бірақ олар түсінбейді. Бұл бөтен шаңырақ екендігін олар сезінбейтін секілді.
Құдай-ау, мен осы үйдің иесі емеспін бе? Мен де жұмыстан шаршап келгенде өз үйіме келіп, оңашада бала-шағаммен ойнап-күліп отырғым келеді. Бірақ үйіңде тоқырлап адам жатса, бұл бір емес, екі емес, қайта-қайта қайтала берсе, адамды мезі қылады екен.
Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар...