Бала күнімде әкем бізді өте қатал ұстады. Бірдеңені бүлдіріп қойсақ, дереу бұрышқа тұрғызып қоятын. Үйдегілерге теріс қарап тұрып, жылап, бұрышпен талай «сырластық» қой. Тиісті уақыт біткен соң әкем шақырып алып кешірім сұрататын. Сосын әлгі қылығыңды қайтадан қайталамайтыныңды қадап тұрып сұрайтын. «Жаман атыңды естімейтін болайын...» деп ызғар шашқан көзімен атқанда қайда тығыларымызды білмейтінбіз. Үйдегі бала біткен «әкең келе жатыр...» дегенді естігенде бұрыш-бұрышқа тығылып зытып беретінбіз. Әке қаһарының балаға қалай әсер ететінін біліп өстік қой. Бүгінде балалы-шағалымыз.

Қайраты қайтқан әкеме «бұрышқа тұрғызып қойып, тәрбиеледіңіз ғой...» деймін әзілдеп. «Сендерді адам болсын дейтінмін» деп жауап береді. Расында бауырларымның бірде-бірі әкемнің атына жаман сөз келтірген жоқ. Қатал тәрбиенің әсері болар. Мұның бәрін неге айтып отырмын... Оң жақтағы қыз ғұмырым қысқа қайырылып ерте тұрмысқа шықтым. Жолдасым көз көрім көркі бар, жақсы адам. Бір-бірімізді ұнатып, біраз уақыттан кейін отау құрдық. Бөтен үйге үйренісу оңай ма? Талай рет оңашада жылап та алатынмын. Адуынды ененің айқайы, қайынәпке, қайынсіңлілерімнің түртпектеуі жаныма қатты бататын. Сонда да болса «тәрбие көрмеген...» деп айтпасыншы деп бәріне де төзіп бақтым. Үш қайынәпкем тұрмысқа шыққанымен екі күннің бірінде біздің үйде. Бір қайынсіңлім еркенің еркесі болып шықты. Төртеуі қосылып алып төрт жақтан тап бергенде шынымды айтсам төтеп беру қиынға соғатын. «Үй шашылып кетіпті, ыдыс дұрыс жуылмапты...» деп ызыңдап енемнің құлағын шірітіп, шағыстырады да отырады. Жолдасым да араға түсіп шаршады. Ақырында қолын бір сілтеді. Қайынсіңлім темекі шегеді, сыраны суша сіміреді, жігіт біткенді қолорамалша ауыстырады десем артық айтқандық емес.
Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар...