18 шілде 2014 | 12:27

Қазақ жаңа сөз тапса да өзгелерге жақпайтын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Алаш айнасы иллюстрациясы ©Алаш айнасы иллюстрациясы

 Халықаралық терминдерді қазақшалау жағынан біздің қоғамның пікірі негізінен екіге жарылады. Бұл реттегі пайымдар сан түрлі. Бірақ «жаңа сөздер қазақтың ұлт ретіндегі өз-өзіне деген сенімсіздігінен туып жатыр» дегенді бірінші рет естіп, жағамызды ұстастық. Сондықтан көзге түскен әлеуметтік желідегі, басқа басқа емес, білдей білікті маманның осындай жазбасын «Алаш айнасы» басылымы талқыдан тыс қалдыра алмады...


Иконка комментария блок соц сети

 Халықаралық терминдерді қазақшалау жағынан біздің қоғамның пікірі негізінен екіге жарылады. Бұл реттегі пайымдар сан түрлі. Бірақ «жаңа сөздер қазақтың ұлт ретіндегі өз-өзіне деген сенімсіздігінен туып жатыр» дегенді бірінші рет естіп, жағамызды ұстастық. Сондықтан көзге түскен әлеуметтік желідегі, басқа басқа емес, білдей білікті маманның осындай жазбасын «Алаш айнасы» басылымы талқыдан тыс қалдыра алмады...

Барша қазақтың құлағына түрпідей тиетін мұндай пікір белгілі саясаттанушы Досым Сәтбаевтың «Фейсбуктегі» жеке парақшасына қалдырылған екен. Авторы – қарағандылық Владимир Шуптар. Орта жастан асқан ел ағасының жеке парақшасында толтырылған түйіндемесінен Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің заң мамандығын оқыған жеке кәсіпкер екенін білдік. Ұдайы қоғамдық талқыға қатысып, белсенді түрде өз пікірін білдіріп отырады екен. Бұл жолы ол

Досым Сәтбаевтың ортақ талқыға ұсынған қыркүйек айында қабылдануы тиіс еліміздің мәдениет саясатының тұжырымдамасына қатысты ойын айтыпты. Бірақ ол кісінің пікірі көп қазақтың оң жамбасына келмей қап, сөз естіп жатқан жайы бар. Оның пікірінше, қолданысқа енгізіліп жатқан қазақша жаңа сөздер ұлт ретіндегі өз-өзімізге деген сенімсіздіктен туып жатқан көрінеді. Сондай-ақ ол қазақ тілі де сыбайлас жемқорлықтың нысанына айналғанын жазып, жаңа сөздерді бизнес көзіне жатқызыпты. Соңғы ойына қатысты пікірді мамандардың өзінен білуге тырысып көрдік, ал бастапқысы шынымен де біздің де намысымызға тиіп кетті. Бәрінен бұрын, қазақшасы жоқ Шуптардың қазақ тіліндегі атаужасам мәселесіне неге бұлайша бас ауырта қалғаны таң қалдырады. Мүмкін кәсіпкер болған соң, қызық үшін, есептеп көрген де шығар. Оған осы салаға бөлініп жатқан мемлекет қаржысы тым көп көрінген де болуы керек. Ал бұл ретте филологтар не дер екен?.. Тіл мамандары пікіріне жүгінбестен бұрын, бізді алаңдатқан әлеуметтік желідегі пікірді солқалпында өздеріңізге ұсына кетуді жөн көріп отырмыз...

Материалдың жалғасын "Алаш айнасы" сайтынан оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети