Бүгіндері Қазақстанды түрлі үрей кезіп жүр, соның ішінде "ұлтшылдық" дегені қазақтың бойын билеп-төстеп алғалы қашан? "Алаш айнасы" мамандардың пікірі арқылы нақ осы үрей түрінің Қазақстанда патриоттықты тұншықтырып, мемлекеттік тілді білуге деген құлшыныстың оянуына жол бермей отырғанын анықтады.
Бүгіндері Қазақстанды түрлі үрей кезіп жүр, соның ішінде "ұлтшылдық" дегені қазақтың бойын билеп-төстеп алғалы қашан? "Алаш айнасы" мамандардың пікірі арқылы нақ осы үрей түрінің Қазақстанда патриоттықты тұншықтырып, мемлекеттік тілді білуге деген құлшыныстың оянуына жол бермей отырғанын анықтады.
"Қазақстанды Қазақ елі" деп аталық деп бастама көтергенімізге әлі көп бола қойған жоқ. Бұл бастамаға лаңкестік актілер жиі бой көтеретін біздің аймақтағы Ауғанстанмен, Пәкістанмен елімізді басқалар шатастырып алмаса екен деген ой түрткі болғаны белгілі. Жалпы, террор үрейінен бойын ала қашушы әлемдегі жалғыз біздің ел емес. Мәселен, Еуропада "Қай дінді ұстанасыз" деген сауалнама жүргізгенде мұсылман қауымның қарапайым өкілдерінің көбісі ислам сөзін емес, осы дін ішінде өзі ұстанатын тармақты атауды жөн санаған. Өйткені олар өзін лаңкестермен шатастырып алмаса деп байқастайды екен. Өкінішке қарай, бүгінгі таңда ақпараттық майданда ислам мен террор түсінігін қатар қойып, жат пиғылдылар ұпайын түгендеп бағып жатыр...
Жалпы, кейбір сөз, әсіресе саясатқа жақыны заманына қарай мағынасын өзгертіп отырады. Сондықтан оларды тарих сынында зерделеп отыру маңызды. Мәселен, ұлтшылдық түсінігі коммунизм кезінде жаман адамға бағытталатын балағат сөздердің бірі ретінде сипат алды, тіпті оны әсіреұлтшылдықпен де теңестіріп жіберді. Есесіне, ол кезде жұмысшы табы мүддесі үшін өз ұлтын сатқандарды жақсы етіп көрсететін "интернационалист" деген жасанды түсініктің бағы дәуірлеп тұрды. КСРО-да қанша жерден ұлтшылдық жаман көрсетілгенімен, орыстың ұлтшылдығы оған тұншықпады, керісінше, қанатын кеңінен жайды. Орыс өзге ұлт өкіліне ана тілінде сөйлеуге тыйым салып, өктем сөйлеуге құқылы болды. Осылайша 70 жыл бойына ұлттық патриоттықты айшықтауға мұнда (кеңес заманында) жол берілмеді, ал сипат алғандарын жазалады. Ұзаққа созылған осы рухани басып-жаншуға қарсы 1986 жылғы желтоқсанда бой көтерген қазақ жастарын да ұлтшылдар деп айыпталды. Бұл – кешегіміз. Ал қазіргіміздің де жайы мәз емес. Біз әлі күнге ұлтшыл деген сөзден қашып, оның орнына "ұлтжанды", "ұлт патриоты", "ұлт жанашыры" деген балама сөздерді пайдалануға тырысамыз. Осы құбылыстың өзінен ұлтшыл деген түсінік арқылы "қызылдар" билігі әбден ұялатып кеткен үрейдің бойымызда әлі барын анық байқауға болады.
Тәуелсіз қазақ қоғамы қазақтың патриоттығына емес, қазақстандық патриоттыққа тәрбиеленеміз деп алдында тағы бір әбігерге түскені бар. Осы факті де біздің саясаттың кеңестік сарқыншықтардан арыла алмағанын көрсетеді. Әбүйір болғанда, бұл дауға сол кезде саясат ғылымының кандидаты, профессор Лейла Ахметова өзінің докторлық диссертациясы арқылы нүкте қойғандай болып еді. Маман өз еңбегінде: "Кез келген ұлттың кез келген патриоттық белгісі өмір сүруге толықтай қақысы бар: қазақстандық патриоттықтың да, сол секілді қазақ патриоттығының да. Бұл арада ешқандай шектеу болмауы тиіс. Бір мемлекетте патриоттықтың екі түрі болады, бұған дейін де болған, ол алда бола береді де. Әрине, елімізде 130 этнос бар десек, онда қазақстандық патриоттық болуы керек, бірақ мемлекетті құрушы ұлт – қазақтарсыз біздің тарихымыз болмайды. Сондықтан Қазақстан саясатында патриоттықтың осы екі түрі қатар көрініс тауып, дамып-өркендеуіне толықтай негіз бар. Мұны даулап жатуға негіз жоқ. Сондықтан қазақ патриоттығының кешегісін, бүгінін және болашағын үнемі зерделеп, сараптап, одан қорытынды шығарып отыруымыз керек" деп жазды.
Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар...