Алматыда тамыз айында күнкөрістің ең төменгі деңгейінің мөлшері орта есеппен жан басына шаққанда 22 мың 185 теңгені құрады. Бұл туралы кешелі бері Алматы қаласының Статистика департаментінен хабарлап отыр.
Алматыда тамыз айында күнкөрістің ең төменгі деңгейінің мөлшері орта есеппен жан басына шаққанда 22 мың 185 теңгені құрады. Бұл туралы кешелі бері Алматы қаласының Статистика департаментінен хабарлап отыр.
Күнкөрістің ең төменгі деңгейі әдеттегідей, тамыз айындағы негізгі азық-түлік өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларын есептеу арқылы алынды. Оның құрылымында ет және ет өнімдері, май, сүт, жұмыртқа, ірімшік, қант, шай, көкөніс пен жеміс, балық және нан өнімдері бар.
Міне, статистика мамандары осы мәліметтерді алға тартуы мұң екен, күнкөріс себетіне қатысты мәселелер көкейін тесіп жүрген біраз қауым өзіндік пікірлерін айтып, «тиісті орындар бұқараның қамын ойласа, күнкөріс себетін қайта қарау қажет» десті.
Жалпы, күнкөріс себетіне қатысты сарапшылар тұтыну себетіндегі азық-түлік түрлерін 15-тен 43-ке дейін көтеру қажеттігін баса айтуда. Тіпті бұған қатысты «Алаш айнасына» пікір білдірген мамандар «күнкөріс себетін қайта қарап, оның ішіне коммуналдық төлемдер, телефон қызметі, дәрігерлік көмек, киім-кешек шығыны, қоғамдық көліктерге кететін шығын тағы басқа әлеуметтің қажетін өтеуі тиіс қызметтер енгізілуі тиіс» деп отыр.
Бағамдасақ, мамандардың «күнкөріс себетіне 43 түрлі тағам енгізу керек» деп тақымдауында өзіндік астар бар. Мысалы, біздегі күнкөріс себетінің 60 пайызы азық-түлік өнімдері болса, қалған 40 пайызы – халыққа қажетті тұрмыстық күнделікті тұтыну тауарлары. Бұдан шығатын қорытынды тамыз айындағы күнкөріс себеті 22 мың 185 теңгеге есептелсе, халық соның 13 мың 710 теңгесін азық-түлікке жұмсайды, ал қалған 8475 мың теңгесіне кіржуғыш заттарын және бас тұрмысқа қажетті дүниесін түгендейді. Осыны ескерген мамандар «ай сайын 13 мың теңгенің көлемінде ғана тамақтанып салауатты өмір сүру мүмкін емес, сондықтан қарапайым халықтың жайын ойласақ, күнкөріс себетін тез арада қайта қараған жөн» дейді.
Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыз...