Қазақстан жолдарында қыста ең жоғары жылдамдық төмендеуі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан жолдарында қыста ең жоғары жылдамдық төмендеуі мүмкін Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Премьер-министр жол-көлік оқиғаларын азайту мақсатында цифрлық шешімдерді қолдана отырып, нақты алгоритмдер енгізуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengri Auto.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Премьер-министр жол-көлік оқиғаларын азайту мақсатында цифрлық шешімдерді қолдана отырып, нақты алгоритмдер енгізуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengri Auto.

Үкімет отырысында жаппай жол-көлік оқиғаларының алдын алу қажеттігі баса айтылды.

Мысалы, қаңтар айының басында "Астана – Щучинск" бағытында резонанс тудырған жол апаты орын алды. Осындай оқиға "Астана – Қарағанды" тас жолында да тіркелді. Премьер-министр ауа-райының қолайсыздығы және жүргізушілерді жол апаттары туралы ескертуге тиіс қолданыстағы әдістердің тиімсіз екенін көруге болатынын атап көрсетті.

"Қыс айларында және қолайсыз ауа райы кезінде ең жоғары жылдамдықты төмендету бойынша озық тәжірибені пайдалану керек. Қолайсыз ауа-райында алыс жолға шығуға болмайтыны туралы халық арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту қажет.

Цифрлық шешімдерді қолдана отырып, жүргізушілерді жолдағы ахуал туралы уақтылы ескертіп отыру керек. Қауіпті учаскелер алдында электронды таблолар мен уақытша белгілер орнатылуы тиіс", - деді Олжас Бектенов.

Премьер-министр Көлік министрлігіне Ішкі істер, Төтенше жағдайлар, Цифрландыру, Мәдениет және ақпарат министрліктерімен бірлесіп, жаппай жол апаттарының алдын алу үшін нақты алгоритмдер енгізуді тапсырды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 514.32  course down  603.27  course down  6.41  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети