Бүгінгі бензин тапшылығы аясында отандық мұнай өңдеу зауыттарын жаңғыртудың өзектілігі күшейе түсті. Қара бұқара осы тақырыпты талқылай келе, маңызды бір мәселеге тап болғандай. Өйткені, өз еліміздегі үш мұнай зауытын күрделі жөндеуден өткізіп, сапалы бензинді шығарамыз дегенімізге біраз уақыт болды. Алайда, Еуропада Қазақстанға тиесілі бір мұнай өңдеу зауытының бар екенін біреу білсе, біреу білмес. Қазақстан оны ешбір қиындықсыз жаңғыртып алған-ды. Қазір онда жоғары октанды бензин шығарылып, еуропалықтарға сатылып жатыр. Сонда ішкі нарықтан, өз азаматтарымызды қамтудан бұрын шетелдік тұтынушыларға жағдай жасап қойғанымыз ба? «Алаш айнасы» интернет-газеті осы сұрақтың жауабын іздеп көрді.

Шынымен де, Еуропада, нақты айтсақ, Румынияда Қазақстанның бір емес, екі бірдей зауыты бар. Осыдан жеті жыл бұрын ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясы аталған зауытты осы елдің The Rompetrol Group халықаралық мұнай компаниясынан сатып алған болатын. Ол кезде компанияның құрамында Petromidia мен Vega мұнай өңдеу зауыттары болған. Міне, дәл осы Petromidia зауытында қазақстандық шикі мұнай өңделеді. Оны қазақстандық компания Грузияның Батуми портында арнайы танкерлерге тиеп, Қара теңіз арқылы тікелей Румынияның Констанца портына жеткізіп отырады екен. Ал Ақтау-Баку-Батуми-Констанца бағытында артық шығындар болмас үшін ҚазМұнайГаз шикізат таситын танкерлерді, мұнай терминалдарын – бәрін-бәрін өзінің меншігіне сатып алған. Осылайша, біздің мұнайымыз тікелей Petromidia мұнай өңдеу зауытына жеткізіліп, сол жерде өңделгеннен кейін мыңдаған жанар-жағар май құю бекеттері арқылы Франция, Испания, Молдавия, Болгария сияқты елдерде сатылады. Зауытта күрделі жөндеу жұмыстарын атқарылғаннан кейін Еуро-5 санатты бензин шығарылады. Әлбетте, еуропалықтар одан төмен жанар-жағар майды алмайды да.
Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар...