Қазақстанда банк карталарын шығаруға шектеу енгізіледі

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Қазақстанда банк карталарын шығару ережелеріне өзгерістер енгізіледі. Тиісті қаулы жобасын Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда банк карталарын шығару ережелеріне өзгерістер енгізіледі. Тиісті қаулы жобасын Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Құжатқа сәйкес, 18-21 жас аралығындағы қазақстандықтарға төлем карталарын онлайн шығаруға немесе қайта шығаруға тыйым салынбақ. Жаңа картаны алу үшін олар банк бөлімшесіне баруы тиіс.

Бұдан бөлек, банктерге 21 жасқа толмаған жастармен қашықтан іскерлік қарым-қатынас орнатуға тыйым салынбақ.

Тағы бір өзгеріс 14-18 жас аралығындағы қазақстандықтарға қатысты: егер олар интернет арқылы банк қызметтерін алатын болса, олар жүргізген операцияларды ата-анасы немесе басқа заңды өкілдері міндетті түрде растауы тиіс.

Жоба әзірлеушілерінің айтуынша, бұл шаралар клиенттерді алаяқтықтан қорғау үшін қажет. Сондай-ақ, осы мақсатта ҚНРДА банктерді клиенттердің биометриялық деректерін – фото және видео материалдарды – олармен қарым-қатынас аяқталғаннан кейін кемінде 5 жыл сақтауға міндеттемек.

Сонымен қатар, банктер мынадай санаттағы клиенттерді мұқият бақылауы тиіс:

  • бес немесе одан да көп картаның (бір немесе бірнеше банктен) иелері;
  • Қазақстанда тұруға ықтиярхаты жоқ және тұрақты тұруға рұқсаты жоқ, елде тұрмайтын бейрезидент;
  • 14-25 жас аралығындағы ресми табысы жоқ, туыстарынан түспеген күдікті ірі сомаларға ие немесе үшінші тұлғаларға жиі аударым жасайтын азаматтар;
  • банк бөлімшелері немесе шекара маңындағы картоматтар арқылы карталар алған тұлғалар.

Жобаға сәйкес, екінші деңгейлі банктер клиенттің электрондық қызметтерге қол жеткізу үшін бірдей телефон нөмірі мен құрылғыны пайдалануын қадағалауы тиіс.

Кезекті картаны шығарғысы келетін клиенттер оның мақсатын көрсетуі қажет. Ал банктер өз кезегінде операциялардың көрсетілген мақсатқа сәйкестігін тексеруі тиіс. Егер мақсат пен жүргізілген операциялар сәйкес келмесе, клиентке жоғары тәуекел деңгейі тағайындалмақ.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.5  course down  583.17  course down  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro