Қазақстанда баспана сатып алу және сатудың жаңа әдісі ұсынылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Қазақстанда үй сатып алу кезінде қолма-қол ақшасыз есеп айырысу ұсынылып отыр. Отбасы банк төрағасы Ләззат Ибрагимованың айтуынша, бұл нарықта әділдік орнатуға және алданған үлескерлер санын азайтуға көмектеседі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда үй сатып алу кезінде қолма-қол ақшасыз есеп айырысу ұсынылып отыр. Отбасы банк төрағасы Ләззат Ибрагимованың айтуынша, бұл нарықта әділдік орнатуға және алданған үлескерлер санын азайтуға көмектеседі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сенат дәлізінде Отбасы банк басшысынан ҚҚС (қосылған құн салығы - еск.) өсімі Қазақстандағы тұрғын үй нарығы мен бағасына қалай әсер етуі мүмкін екені сұралған.

Ләззат Ибрагимованың сөзінше, бухгалтерлік есеппен, ҚҚС-пен жұмыс істейтін ірі компаниялар баға өскенін сезбейді. Алайда бір-екі үй салатын шағын құрылыс компаниялары есеп жүйесін қайта құруы қажет болады.

"ҚҚС өсімі бухгалтерлік есептері дұрыс, ҚҚС-пен жұмыс істейтін ірі компанияларға әсер етпейді. Өйткені сатып алынатын материалдар мен шикізатты дұрыс есепке алса, ҚҚС салынып қояды және оны шегеруге болады", - деді Ибрагимова.

Алайда кішігірім компаниялар үшін бұл жаңалық қиынға соғуы мүмкін, өйткені олар ашық есепке көшуге мәжбүр болады.

"Қазір көптеген құрылыс компаниясы салықтан жалтару үшін бірнеше шағын фирма құрып алады. Осылайша үлескерлер далада қалып жатады, өйткені шағын құрылыс компаниясына ақша салады да, кейін құрылыс компаниясын таба алмай қалады", - деді банк басшысы.

Ләззат Ибрагимованың айтуынша, тағы бір маңызды бастама - жылжымайтын мүлік сатып алу кезінде қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға көшу.

"Қазір екі бастама маңызды: бірі - қолма-қол ақшасыз үй сатып алу. Бұл нарықты көлеңкеден шығаруға көмектеседі. Оған қоса тұрғын үй сатып алу кезінде ҚҚС енгізу бар", - дейді ол.

Еске салайық, бұған дейін де ҚҚС көтерілуі тұрғын үй бағасына қалай әсер ететіні туралы жаздық. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro