Қазақстанда жаңа ипотекалық бағдарламалар пайда болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда жаңа ипотекалық бағдарламалар пайда болады Midjourney

Қазақстанда жаңа ипотекалық бағдарламалар пайда болады. Бұл туралы үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда жаңа ипотекалық бағдарламалар пайда болады. Бұл туралы үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Өнеркәсіп, Энергетика, Көлік, Ауыл шаруашылығы, Су ресурстары министрліктеріне кәсіпорындармен, әкімдіктермен және Отбасы банкімен бірлесіп, жұмысшы кадрлар үшін ипотекалық және жалға берілетін тұрғын үйдің жеңілдетілген бағдарламаларын іске қосу мәселелерін пысықтауды тапсырамын", - деді Үкімет отырысында Олжас Бектенов. 

Бектеновтың айтуынша, Қазақстанға мыңдаған білікті жұмысшы қажет.

"Бізге мыңдаған білікті жұмысшы қажет. Сонымен қатар, жыл сайын жаңа мамандықтар пайда болады. Сондықтан болашақтағы дағдылар мен құзыреттерді болжау үшін әкімдіктердің барлығы кәсіптердің өңірлік атласын жасауы қажет. Әзірге тек 9 өңірде осындай құжаттар бар", – деді премьер-министр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети