16 мамыр 2024 | 16:26

Қазақстанда жылжымайтын мүлікті міндетті сақтандыру ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Сенат депутаты Бибігүл Жексенбаев еліміздегі су тасқынынан соң баспананы міндетті сақтандыру тетігін енгізу мәселесін қарастыруды ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Сенат депутаты Бибігүл Жексенбаев еліміздегі су тасқынынан соң баспананы міндетті сақтандыру тетігін енгізу мәселесін қарастыруды ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Депутаттық сауал премьер-министр Олжас Бектеновке жолданды.

"Биыл еліміздің бірқатар өңірін қарғын су мен топан су басып, 13 мыңға жуық жер үй су астында қалғаны аян. Қазір Үкімет пен жергілікті билік оның зардаптарын жою бойынша кешенді шараларды жүргізіп жатқаны белгілі. Алайда мұндай төтенше жағдайдағы шығындарды өтеудің мемлекеттік бюджетпен қатар жаңа жолдарын қарастыру уақыт талабы", - деді Бибігүл Жексенбаев.

БҰҰ мәліметінше, соңғы 20 жылда әлемде табиғи апаттар – жер сілкінісі, су тасқыны, құрғақшылық және дауылдардың саны 2 есе өскен. Қазақстанның 75 пайызы дауыл, көшкін, сел, су тасқыны, жер сілкінісі, орман және дала өрттері сияқты табиғи апаттардың қаупі жоғары аумаққа жатады.

"Халықаралық тәжірибе бойынша мұндай табиғи және техногендік апат аймақтары бар елдерде арнайы сақтандыру қорлары, мемлекеттік бағдарламалар, міндетті сақтандыру жүйесі жұмыс істейді. Мысалы, Түркияда 1999 жылдан бері апаттық тәуекелдерден міндетті сақтандыру бағдарламасы TCIP (Turkish Catastrophic Insurance Pool) қосылып, оның аясында мемлекеттік сақтандыру компаниясы құрылған. Сондай-ақ жылжымайтын мүліктің шамамен 50 пайызы осы міндетті бағдарламамен қамтылған.

Жапонияда 1966 жылы, яғни 58 жыл бұрын жер сілкінісін қайта сақтандыру бағдарламасы іске қосылды. Осы уақыт ішінде бағдарлама үнемі жетілдіріліп келеді. Өйткені, Жапония әлемдегі ең белсенді сейсмикалық аймақта орналасқан. Осылайша, Жапония үй шаруашылықтары үшін мүлікті қорғаудың өте жоғары деңгейін қамтамасыз етті. Шетелдік сақтандыру компанияларында тәуекелдер қайта сақтандырылады. Қайта сақтандыру тетіктерінің көмегімен әлемнің түкпір-түкпіріндегі компаниялар тәуекелдерді өзара бөлісіп, зардап шеккендерге сақтандыру төлемдерінің түсуін қамтамасыз етеді", - деді сенатор.

Алайда елімізде міндетті сақтандыру жүйесі дамымаған.

"Ешбір ел өз аумағында болған апат тәуекелінен залалды дербес өтей алмайды. Табиғи апаттардан төтенше жағдайлар кезінде келтірілген залал отандық сақтандыру жүйесінің дамымағандығынан өте сирек өтеледі. Мұндай жағдайда зардап шеккендерді тұрғын үймен қамтамасыз ету және олардың қаржылық мәселелерін шешу ауыртпалығын түгел дерлік жергілікті атқарушы органдар мен Қазақстан Үкіметі көтереді.

Сақтандыруға ұсынылған барлық объектілер бойынша статистикалық цифрлық ақпараттың болуы маңызды аспект саналады. Қазақстан үшін ең тиімді сақтандыру үлгісін таңдау жинақталған статистика мен актуарлық есептеулерге байланысты", - деді депутат.

Бибігүл Жексенбай елімізде халықты жылжымайтын мүлікті міндетті сақтандыруды енгізу мүмкіндігі соңғы 20 жылда кезең-кезеңімен талқыланып келе жатқанын еске салды.

"Алайда бұл бағыттағы жұмыс жүйелі, мақсаттағы жүргізілмегендіктен, елімізде сақтандыру компанияларына сенім төмен, сақтандыру мәдениеті қалыптаспаған. 2024 жылдың алғашқы 2 айында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда мүлікті ерікті сақтандыру шарттары 77,3 пайызға өскен. Сақтандырылған тұрғын үйлер саны бойынша Астана көш бастап тұр. Оның үлесіне жаңа сақтандыру шарттарының жартысы – 50,4 пайыз. Алматының үлесі небәрі – 14,85 пайыз ғана.

Алайда су басқан аймақтарда жеке мүлікті сақтандырудың деңгейі өте төмен – 1 пайыздан да аз. Әдетте сақтандыру жайлы табиғи апат кезінде ғана еске түседі", - деді сенатор.

Ол Қазақстанда баспананы міндетті сақтандыру тетігін енгізуді ұсынды:

Біріншіден, еліміздегі сақтандыру жүйесін жетілдіру және тұрғын үйлерді міндетті сақтандыру мүмкіндігі боййынша халықаралық ұйым өкілдері, сарапшылардың қатысуымен арнайы ведомствоаралық комиссия құруды қарастыру;

Екіншіден, отандық сақтандыру компаниялардың төтенше жағдайлар шығынын өтеуге қатысты әлеуетіне сараптама жасалып, олардың жарғылық қорларын көбейту жағдайын зерделеу;

Үшіншіден, мемлекет адамдарды төтенше жағдайлар қаупі туралы ұдайы алдын ала ескертіп, тұрғындардың да жауапкершілігін арттырып, алдын ала шараларды қолдануына барынша жағдай жасауды қарастыру. Сондықтан президенттің осы орайдағы талабы жеке заңнамалық нормада көрсетілу мүмкіндігін ойластыру.

Төртіншіден, табиғи апаттар салдарынан келтірілген залалды өтеу тәртібін реттеу үшін қалпына келтірілген тұрғын үйді азаматтардың меншігіне берудің нақты тәртібін реттеуге, халықты табиғи апаттардан, оның ішінде су тасқынынан сақтандыру мен қорғауға бағытталған тиісті заң жобасын әзірлеуді қарастыру. Мысалы, АҚШ-тың осы саладағы ең көрнекті тәжірибесі су тасқынынан сақтандырудың ұлттық жүйесі туралы заң болып саналады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети