21 маусым 2024 | 12:16

Қазақстанда өсімдіктің жаңа түрі табылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі/Facebook Фото: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі/Facebook

Қазақстанда өсімдіктің жаңа түрі пайда болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда өсімдіктің жаңа түрі пайда болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті "Индер-2024" халықаралық ғылыми экспедициясын өткізді. Экспедиция жұмысына В.Татищев атындағы Астрахань мемлекеттік университетінің іргелі биология кафедрасының профессоры Алексей Лактионов, Ресей Ғылым Академиясының Орал бөлімшесінің ботаникалық бағының эксперименттік экология және өсімдіктерді бейімдеу зертханасының меңгерушісі Михаил Князев қатысты.

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының ботаника, зоология және экология мамандары Индер тұз күмбезді ауданының табиғи кешенінің экожүйесі мен биоәртүрлілігіне бірлескен зерттеулер жүргізді. Ғалымдар экспедициялық далалық жұмыстар барысында биотоптарды сипаттай отырып, ботаникалық, биогеографиялық және геоботаникалық зерттеулер жүргізді.

Экспедицияның негізгі мақсаты Қазақстанның Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында жаңа трансшекаралық ерекше қорғалатын табиғи аумақты құру үшін табиғи экожүйелерге антропогендік әсері аз аумақтарды таңдау болды. Ботаникалық зерттеулердің нәтижелері бойынша "Астрагалус (Astragalus L.)" тұқымдасының ғылым үшін жаңа өсімдік түрі табылды. Бұл жаңалық Қазақстанның биоалуантүрлілігін сақтау мен зерттеудің маңыздылығын атап өтіп, ғылымға елеулі үлес болып саналады.

Сондай-ақ 70 жылда алғаш рет Индер тауларының герпетофаунасының тізімі тағы бір түрмен – су жыланымен толықтырылды. Ол Индер көлінің солтүстік-батыс бөлігіндегі суға толы карст ойпатынан табылды. Бұрын ол 1949-1950 жылдары Индер көлінің маңында табылған еді.

Индер тұз күмбезді ауданының аумағы ғылым үшін жоғары құндылық және жаңа ерекше қорғалатын табиғи аумақты құруға үміткер болып саналады.

Пройти опро
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 517.81  course up  542.31  course up  5.25  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer