Қазақстанда сотталғандар үшін тағы бір тыйым енгізіледі

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Қазақстанда бостандығы шектелген немесе шартты түрде сотталған адамдарға тағы бір тыйым енгізіледі. Тиісті түзетулер бүгін Мәжіліс депутаттары екінші оқылымда қабылдаған, денсаулық сақтау саласындағы артық заңнамалық реттеуді алып тастау мәселелері жөніндегі заң жобасына енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда бостандығы шектелген немесе шартты түрде сотталған адамдарға тағы бір тыйым енгізіледі. Тиісті түзетулер бүгін Мәжіліс депутаттары екінші оқылымда қабылдаған, денсаулық сақтау саласындағы артық заңнамалық реттеуді алып тастау мәселелері жөніндегі заң жобасына енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Заң жобасын талқылау барысында депутаттар бостандығы шектелген немесе шартты түрде сотталған қазақстандықтардың құмар ойындарға қатысуына тыйым салу туралы түзетулер енгізді. Осылайша, бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза өтеп жатқандар да бәс тігуге, казиноларға баруға және жалпы құмар ойындар ойнауға тыйым салынады.

Сонымен қатар, құжатта букмекерлік кеңселер жарнамасына тыйым салу ұсынылды.

Жалпы, заң жобасы денсаулық сақтау саласын жетілдіруге және артық заңнамалық реттеуді жоюға бағытталған құқықтық нормаларды қамтиды. Мысалы, онкологиялық ауруларды ерте анықтауға арналған скринингтік зерттеулерді кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында көрсетілетін қызметтер тізіміне енгізу ұсынылады.

Сондай-ақ, медициналық қызмет көрсету нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру фактілерін қарастыратын тәуелсіз сараптама комиссиясын қалыптастыру механизмін жетілдіруге бағытталған түзетулер енгізілді.

Депутаттар заң жобасын мақұлдап, оны Сенаттың қарауына жіберді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro