09 желтоқсан 2024 | 15:12

Қазақстанда тұрғын үй бағасы қалай өзгерді?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Midjourney Midjourney

Ұлттық статистика бюросы қарашада Қазақстандағы тұрғын үй нарығында бағалар мен баға индекстері қандай болғанын жариялады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Ұлттық статистика бюросы қарашада Қазақстандағы тұрғын үй нарығында бағалар мен баға индекстері қандай болғанын жариялады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ең қымбат және қолжетімді пәтерлер қай қалаларда?

Алғашқы тұрғын үй нарығында қарашада шаршы метрдің ең жоғары бағасы Астанада (595 466 теңге), Алматыда (582 036 теңге) және Шымкентте (437 827 теңге) тіркелген. Шаршы метрі ең арзан пәтерлер Ақтөбеде (281 553 теңге), Оралда (287 821 теңге) және Көкшетауда (319 933 теңге) болды.

Екінші нарықтағы ең қымбат пәтерлер Астанада (632 176 теңге), Алматыда (594 615 теңге) және Атырауда (474 746 теңге) сатылған. Ең қолжетімді тұрғын үйді Ақтөбеде (304 181 теңге), Қызылордада (310 996 теңге) және Көкшетауда (319 912 теңге) табуға болады.

Тұрғын үйді жалға алу бағасы

Алматыда жалға берілетін тұрғын үй шаршы метрі үшін ең қымбат баға тіркелді - 5 390 теңге. Астанада және Қарағандыда жалдау ақысы сәйкесінше 4 673 және 4 234 теңге болды. Ең қолжетімді ұсыныстар Таразда (2 092 теңге), Ақтөбеде (2 357 теңге) және Қызылордада (2 455 теңге) байқалды.

Бағалардың әртүрлілігі неге байланысты?

Ұлттық статистика бюросы мәліметінше, баға іріктемесі тұрғын үйдің барлық түрлеріне орташа мәндерді дәл анықтауды қамтамасыз етеді. Ол өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып, жыл бойы тұрақтылықты сақтайды.

"Тұрғын үйдің әрбір түрі бойынша іріктеме оның орташа бағасын репрезентативті түрде анықтауға мүмкіндік беретін баға белгілеулерінің санын қамтамасыз етеді. Іріктеме элементтерінің саны жыл бойы тұрғын үйдің әрбір түрі үшін тұрақты болып қалады", – деп мәлімдеді бюро.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Алматыда жаңа көпір ашылды
Қазақстанда ұрлық азайған
Қырғызстанда жер сілкінді
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 517.74  course up  545.31  course up  5.05  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer