12 қыркүйек 2024 | 09:23

Қазақстанда зейнетақы мөлшері өседі: ол кімдерге әсер етеді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Турар Казангапов Фото ©️ Турар Казангапов

2025 жылы Қазақстанда зейнетақы төлемдері мөлшері өседі. Бұл туралы толық мәліметті Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


2025 жылы Қазақстанда зейнетақы төлемдері мөлшері өседі. Бұл туралы толық мәліметті Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Министрліктің Tengrinews.kz ресми сауалына берген жауабында, Әлеуметтік кодекстің 197-бабына сәйкес, жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін жыл сайын арттыру республикалық бюджет туралы заңда жылына белгіленген тиісті қаржы мөлшерінде жүзеге асырылады.

Бұдан басқа, жасына байланысты зейнетақы төлемдері мен еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін қолайлы деңгейде ұстап тұру үшін Қазақстанның зейнетақы жүйесін 2030 жылға дейін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасына сәйкес олардың мөлшері жыл сайын инфляция деңгейінен екі пайызға артық индекстеледі.

"2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасына сәйкес, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап жасына және еңбек сіңірген жылдарына байланысты зейнетақы төлемдерін 8,5 пайызға арттыру жоспарланған; базалық зейнетақы мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруіне байланысты артатын болады.

Өз кезегінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) төленетін зейнетақы төлемдері жыл сайын 5 пайызға индекстеледі.

"2025 жылы өскеннен кейін зейнетақының ең төменгі мөлшері 95 131 теңге (базалық зейнетақыны есепке алғанда 32 360 теңге), ең жоғары мөлшері – 213 046 теңге (базалық зейнетақыны есепке алғанда 50 851 теңге) болады", - деп хабарлады министрлік.

Сондай-ақ, алдағы өсім барлық 2,4 миллион зейнеткерге қатысты болатыны айтылды.

"2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы шеңберінде 2025 жылы зейнетақы төлемдеріне 4 231,3 миллиард теңге, оның ішінде жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне – 2 867,7 миллиард теңге, базалық зейнетақыға – 1 363,6 миллиард теңге көзделген", - деп толықтырды министрлік.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 479.51   531.65   5.27 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети