Девальвациядан кейін екінші деңгейлі банк сияқты қаржы ұйымдарының жағдайы мәз болған жоқ. Оған іле-шала «бірқатар банктер банкротқа ұшырайды» деген SMS-шабуылдың «жығылғанның үстіне жұдырық» болғаны да рас. Абырой болғанда, «SMS-шінің сандырағы келмеді» бірде-бір банк банкрот болмай, аман-есен «сынақтан» өтті. Дегенмен, банк жүйесіндегі «емтихан» онымен бітпейтін көрінеді. Себебі алдағы уақытта Қазақстандағы банктердің санын екі есеге қысқарту жоспарланған.

Негізі, банктерді қысқарту һәм ірілендіру қажеттігі жайында Президент Н. Назарбаевтың өзі де бір-екі мәрте айтқан болатын. Экс-премьер Серік Ахметов те кезінде соған меңзеп, қазақстандық экономика үшін 30-дан астам банктің тым көп екендігін алға тартқан. Ал Алматы қаласында өткен баспасөз мәслихатында Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов бұл бастаманың негізгі себебін түсіндіріп берді. «Қазір Қазақстанда 38 банк бар. Олардың капиталына қойылатын талап жоғары емес. Ал 2020 жылға қарай бізде әлемнің ірі қаржы корпорацияларының бөлімшелері ашылады. Міне, сол кезде ол банктер бәсекеге төтеп бере алмайды», - дейді бас банкир.
Оның айтуынша, алдағы бес жылда банктерге қатысты жаңа талаптар енгізілмекші. Осыған байланысты Ұлттық банк капиталдың төменгі мөлшерін 100 миллиард теңге көлемінде бекітуді ұсынып отыр. Демек, болашақта әрбір банкте, кем дегенде, 100 млрд. теңге болуы шарт. Сондықтан акционерлер тарапынан қыруар қаржы құйылуы қажет. Ондай талаптарға барлық банктер шыдай алмайтын сияқты. Қайрат Нематұлының есебіне сәйкес, тек 15-20 банк қана осындай шарттарды орындай алады. «Әрине, біз қалғанын жабайын деп отырған жоқпыз. Осы уақыттың ішінде олар өзара бірігіп, күшейе алады. Мәселен, жылдың аяғына дейін Қазкоммерцбанк пен БТА бірігіп, күшті қаржы құрылымына айналмақшы. Сол сияқты бір инвесторға қарайтын Темірбанк, Альянс банк пен Forte банк бір ұйымға қосылады», - деп атап көрсетті Қайрат Келімбетов.
Толық нұсқасын "Алаш айнасы" сайтынан қараңыз