Қазақстандағы бейбіт жиналыстар: Конституциялық сот ережелерді түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандағы бейбіт жиналыстар: Конституциялық сот ережелерді түсіндірді Фото:gov.kz

Конституциялық Сот бейбіт жиналыстарды өткізу тәртібі туралы нормаға түсіндірме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Конституциялық Сот бейбіт жиналыстарды өткізу тәртібі туралы нормаға түсіндірме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Астана қаласының әкімдігі өтініш субъектісіне көрсетілген кезеңде бұрын келісілген іс-шаралардың өткізілуіне байланысты бейбіт жиналысты ұйымдастырудан бас тартқан. Өтініш берушінің пікірінше, заңның аталған ережелері жергілікті атқарушы органдарға бейбіт жиналыс ұйымдастырушыға өткізу орнын және уақытын өзгерту туралы алдын ала балама ұсыныс жібермей, оны өткізуден өз бетінше бас тартуға мүмкіндік береді, бұл бас тартудың мөлшерлестігі және оның ықтимал қатер дәрежесі мәселесін шешпейді.

Конституциялық соттың қорытындысы

Конституциялық Сот тексеру қорытындысы бойынша Заңның 11-бабы 1-тармағы бірінші бөлігі 2) мен 3) тармақшаларын Конституцияға сәйкес деп таныды. Конституциялық Сот өз шешімінде бейбіт жиналыстарға құқық абсолютті болып табылмайды және Конституцияда көрсетілгендей заңды түрде шартталуы мүмкін екенін көрсетті.

"Жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында орналастырылатын мамандандырылған орындардың жұмыспен қамтылуы туралы ақпарат азаматтарға кем дегенде жоспарланған іс-шаралар, олардың өткізілетін орны мен күні, олардың басталу және аяқталу уақыты, қатысушылардың болжамды саны туралы нақты түсіндірме беруге тиіс", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Заңның 14-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына қатысты Конституциялық Сот жергілікті атқарушы органның бас тарту туралы шешім қабылданғанға дейін бейбіт жиналыстың орнын және (немесе) уақытын өзгерту туралы ұсыныс енгізуі міндетті болып табылатын нақтылаушы түсініктеме берді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети