Қазақстандағы инфляция туралы деректер жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандағы инфляция туралы деректер жарияланды Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы инфляция туралы мәліметтерді жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы инфляция туралы мәліметтерді жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандағы бір айдағы инфляция

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, тұтыну бағаларының айлық индексі қыркүйекте баяулап, 0,4 пайыз болды (тамызда - 0,6 пайыз). Ақылы қызметтердің бағасы 1 пайызға, азық-түлік емес тауарлардың бағасы 0,6 пайызға өсті. Азық-түлік бағасының индексі өзгеріссіз қалды.

Бір айдағы баға өсімі:

  • жоғары оқу орындарында оқу – 10,3 пайыз;
  • отын – 2,9 пайыз;
  • тас көмір – 2,5 пайыз;
  • қияр – 11,9 пайыз.

Бір айда бағаның төмендеуі:

  • картоп – 13,5 пайызға;
  • жүзім – 10,3 пайызға;
  • пияз - 10 пайызға.

Қазақстандағы жылдық инфляция 

Былтырғы қыркүйекпен салыстырғанда тарифтер орталықтан жылытуға – 33 пайыз, суық суға – 29,4 пайыз, су бұруға – 24 пайыз, электр энергиясына – 23,7 пайыз, қоқыс шығаруға – 18,1 пайыз, ыстық суға – 17,4 пайыз, тарату желілері бойынша тасымалданатын газға 12 пайыз өсті.

Тұрғын үйді жалға алу төлемі 12,3 пайызға өскен. Баға кешенді демалыстарды ұйымдастыру қызметтеріне – 19,3 пайыз, байланыс қызметтеріне – 15 пайыз, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары қызметтеріне – 12,9 пайыз, денсаулық сақтау қызметтеріне, салт-жора қызметтеріне – 11,6 пайыздан, демалыс және спорттық іс-шаралар саласындағы қызметтеріне – 11 пайыз, жеке көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеуге – 10,5 пайыз, қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне – 9,3 пайыз, білім беру қызметтеріне 8,7 пайыз жоғарылады. Жолаушылар әуе көлігімен жол жүру – 16,8 пайыз, таксимен – 12,2 пайыз, қалалық автобуспен – 11,7 пайыз, жолаушылар темір жол көлігімен 9,5 пайыз қымбаттаған.

Баға деңгейі дыбыс-бейне шолу жабдығына – 39,8 пайыз, отандық құрастырма жаңа жеңіл автомобильдерге – 31,5 пайыз, фармацевтикалық өнімдерге – 12 пайыз, киім және аяқ киімге – 10,7 пайыз, жиһаз және үйге қажетті заттарға – 10 пайыз, жеке қолданылатын тауарларға – 7,6 пайыз, құрылыс материалдарына 6,3 пайыз өсті. Ағаш – 10,6 пайыз, тас көмір – 9,8 пайыз, сұйытылған газ баллондағы 9,2 пайыз қымбаттады.

Бағаның өсуі қызанақтарға – 28,2 пайыз, қиярларға – 22,5 пайыз, темекі өнімдеріне – 17,4 пайыз, минералды және ауыз суға – 14,4 пайыз, кондитерлік өнімдерге – 13,6 пайыз, банандарға – 12,9 пайыз, жұмыртқаға – 11,8 пайыз, салқындатылған сусындарға – 11,6 пайыз, жеміс және көкөніс шырындарға – 10,8 пайыз, картопқа 10,2 пайыз белгіленді. Бағаның төмендеуі ақ қауданды қырыққабатқа – 26,5 пайыз, қарақұмық жармасына – 22,5 пайыз, сәбізге – 12,8 пайыз, күнбағыс майына 12,1 пайыз байқалды.

Өңірлер бөлінісінде 2024 жылғы қыркүйекте инфляция жылдық мәнде орташа республикалық деңгейден асатын он бір өңірде қалыптасты, олардың ішінен ең жоғары – Астанада (10,3 пайыз), Маңғыстау (9,8 пайыз), Шығыс Қазақстан (9,2 пайыз) облыстарында.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети