Қазақстандағы қарақұрт шағу оқиғалары: нені білу керек?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Денсаулық сақтау министрлігі қарақұрт шағып, зардап шеккен қазақстандықтардың жағдайы туралы хабарлады. Еске салайық, биыл еліміздің бірқатар өңірінде улы өрмекшінің бұл түрі бұрын-соңды болмаған белсенділік танытып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Денсаулық сақтау министрлігі қарақұрт шағып, зардап шеккен қазақстандықтардың жағдайы туралы хабарлады. Еске салайық, биыл еліміздің бірқатар өңірінде улы өрмекшінің бұл түрі бұрын-соңды болмаған белсенділік танытып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жыл басынан бері, 11 қыркүйектегі жағдай бойынша, республика бойынша қарақұрт шағудың 342 оқиғасы тіркелгені хабарланды. Мұндай деректер Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау облыстарында, Жетісу облысында, сондай-ақ Шымкент қаласында тіркелген.

Ведомство Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабында азаматтардан өтініштердің көбеюіне байланысты облыстардағы, сондай-ақ Алматы, Астана және Шымкент қалаларындағы медициналық ұйымдар көмек көрсетуге (симптоматикалық емдеу) дайын екенін хабарлады. Ведомство мәліметінше, республика бойынша қарақұрт шағуына қарсы 110 доза сарысу бар.

Қарақұрт шағып алса, не істеу керек?

Бұл туралы пікір алу үшін Төтенше жағдайлар министрлігіне жүгіндік.

"Егер улы өрмекші далада шағып алса, шұғыл көмек ретінде, шаққан жерді жанып тұрған сіріңкенің басымен немесе басқа ыстық затпен күйдіру тиімді әдіс болып табылады, бірақ мұны 2-3 минуттан кешіктірмей жасау керек. Шаққаннан кейін бірнеше минут өткен соң, адамға тыныштық беріп, көп сұйықтық ішу керек", - деп кеңес берді құтқарушылар.

Қарақұрттың шағу қаупін азайту үшін:

  • жабық киім, ұзын аяқкиім киіңіз;
  • шалбарды шұлыққа салыңыз;
  • бас киім қажет, мойынды жауып қойған жөн;
  • өрмекшінің денеңізде жүргенін сезсеңіз, оны шүберекпен немесе басқа затпен түсіріңіз, бірақ оны қатты басып, не мыжып тастамаңыз.

Қарақұрттар қайда жүреді?

Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, өрмекші көбінесе далада, сайларда, полигондарда, қараусыз қалған және шөп басқан саяжайларда кездеседі. Өрмекші салқын және ылғалды жерге жақынырақ орналасады. 

Қарақұрттар қай уақытқа дейін белсенді?

Өрмекшілердің маусымдық белсенділігі мамырдың ортасынан қыркүйекке дейін (белсенділік түнде де артады).

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro