Қазақстандықтардың жартысынан азы ғана дабылды естиді. Бұған 10 миллиард теңге жұмсалған

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Midjourney нейрон-желісі арқылы жасалған кескін Midjourney нейрон-желісі арқылы жасалған кескін

Қазақстандықтардың 41,2 пайызы ғана жер сілкінісі және басқа да төтенше жағдайлар кезінде дабыл дыбысын естиді. Бұл ретте тиісті жүйелерді жаңғыртуға 10 миллиард теңгеден аса қаржы жұмсалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандықтардың 41,2 пайызы ғана жер сілкінісі және басқа да төтенше жағдайлар кезінде дабыл дыбысын естиді. Бұл ретте тиісті жүйелерді жаңғыртуға 10 миллиард теңгеден аса қаржы жұмсалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрлігі Tengrinews.kz ресми сауалына берген жауаптағы мәлімет бойынша, бүгінде Қазақстанда 3578 дабыл-дыбыстау құрылғысы мен электр сиреналары бар. Ең көбі (843) Алматыда, ең азы (39) Абай облысында орнатылған.

 2016-2023 жылдар аралығында, яғни жеті жылда ескерту жүйелерін жаңғыртуға 10 миллиард теңгеден аса қаржы жұмсалған. Оның 88,5 пайызы жергілікті бюджеттен, 11,5 пайызы республикалық бюджеттен бөлінген.

Айта кетейік, Астанада бір бөлмелі пәтердің орташа құны шамамен 18 миллион теңге болады. Осылайша, көрсетілген сомаға елордада 550-ден аса пәтер сатып алуға болар еді.

Төтенше жағдайлар министрлігінен көптеген қазақстандық оқу-жаттығу кезінде өз қаласында дабыл дыбысын неге естімейтінін сұрадық.

"Бүгінде республика бойынша халықты қамту 41,2 пайыз болып отыр. Бұл қалалар мен облыстардың барлық аудандары тиісті деңгейде хабардар ету құрылғыларымен қамтылмаған болуы мүмкін екенін білдіреді. Кейбір елді мекендер ескерту жүйелерімен жабдықталмаған, ал дабыл құрылғысы бар жерлерде олардың шалғай орналасуына байланысты бекітілген аумақта естілмейді", - деп жауап берді министрлік.

Бұл мәселені шешу үшін техника қажеттілігі тағы да қайта есептелген. Алайда министрлік бұл нені өзгерткенін нақтыламады. Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, тозығы жеткен техника мүмкіндігінше жаңартылады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 496.04  course up  517.04  course up  5.48  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer