15 мамыр 2023 10:58

Қазақстанға 4 күндік жұмыс аптасы қажет пе? HR-маман пікірі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

2023 жылдың шілдесінен бастап Қазақстанда төрт күндік жұмыс аптасы пайда болады. Tengrinews.kz тілшісі HR-сарапшысынан қазақстандықтарды төрт күндік жұмыс аптасына байланысты қандай қиындықтар мен перспективалар күтіп тұрғанын сұрап білді.


2023 жылдың шілдесінен бастап Қазақстанда төрт күндік жұмыс аптасы пайда болады. Tengrinews.kz тілшісі HR-сарапшысынан қазақстандықтарды төрт күндік жұмыс аптасына байланысты қандай қиындықтар мен перспективалар күтіп тұрғанын сұрап білді.

Кейбір Еуропа елдері мен компаниялары қысқартылған жұмыс аптасына көшті. Бұл шешім алдын ала сынақ тестінен кейін қабылданды. Зерттеуге сүйенсек жұмыс күнінің азаюы жұмысшылардың еңбек өнімділі төмендемегенін көрсеткен.

Қазір кейбір қазақстандық компаниялар да бұл тәсілдің артықшылықтарына және оның қызметкерлердің жұмыс пен өмір тепе-теңдігіне әсеріне қызығушылық танытып жатыр. Tengrinews.kz тілшісі қазақстандық ірі компаниялардың бірінің HR маманы Юлия Петроваға хабарласып, төрт күндік жұмыс аптасының оң және теріс жақтарын сараптап көрді.

- Қызметкерлер үшін 4 күндік жұмыс аптасын енгізудің оң және теріс жақтары қандай?

- Пайдасы: Отбасыңызға уақыт бөлуге, жақсы көретін ісіңізбен айналасуға және жеке істеріңізбен айналысуға әбден болады.

Кемшіліктері: жұмыс көлемі өзгеріссіз қалады. Бұл жұмыс уақытында көбірек жұмыс жасауға, уақытты тиімдірек басқаруға, жұмыс көлемінің артуы процесстерді автоматтандыруға алып келеді.

- Егер көбірек демалса, тиімдірек жұмыс істеуге бола ма?

- Менің ойымша, бұл мүмкін. Көбінесе біз мүмкіндігінше көбірек демалуға назар аудармаймыз сондықтан түскі үзілістерде тынығуға тырысамыз. Қазіргі уақытта ақпарат жүктемесінің саны артқанын бәрі біледі. Сол үшін ми бүкіл дене секілді демалуды қажет етеді. Біздің миымыз "адасу" күйінде болмағанда, жаңа ақпаратты қабылдамағанда және ештеңе ойламағанда тиімді жұмыс жасайтындығы дәлелденген. Мысалы: серуендеу мен медитация жасау өз пайдасын тигізеді. Өнімді шығармашылық тапсырмаларды оңай шешу үшін жақсылап демалу қажет.

- Жұмыс берушілер үшін қандай жеңілдіктер мен қиындықтар бар?

- Артықшылықтары: жұмыс беруші ең жақсы қызметкерлерін ғана тартып, компания қызметкерлері өте белсенді жұмыс жасауы арқылы кірістер әкеліп, өздері де табысқа жетуге үлкен мүмкіндік.

Қиындықтары: барлық қызметкер, сондай-ақ компаниялардың басшылары немесе құрушылары өзгерістерге дайын болмайды. Процестерді өзгертуге емес бәрін бұрыңғы жолмен жасауға тырысады. Тиісінше, жұмыс уақытының қысқаруымен өнімділіктің төмендеу қаупі бар. Бұл әсіресе өндірісте байқалуы мүмкін. Осы жағдай компаниялардың қаржылық көрсеткіштеріне әсерін тигізеді.

- 4 күндік жұмыс аптасына көшу кезінде қызметкерлердің жұмысын қалай бақылауға болады?

- Менің ойымша, 5 немесе 6 күндік сияқты - жұмыс нәтижелеріне және қолжеткізілген KPI көрсеткіштеріне байланысты.

- Бұл қызметкерлерді таратып жіберуге және ұстап қалуға әсер ете ме?

– Сөзсіз, қазіргі уақытта танымал болып жатқан жұмыскерлердің жеке мүдделеріне көбірек уақыт бөлу қарастырылып жатыр. YOLO (You Only Live One – Біз бір рет өмір сүреміз). Тиісінше, бұл жұмыс беруші үшін үлкен артықшылық.

– Жалпы, сіздің ойыңызша, жаңашылдық қызметкерлерге қалай әсер етуі мүмкін?

- Егер бәрі дұрыс және кезең-кезеңімен ұйымдастырылса (мысалы, айына бір аптасына 4 күндіктен бастауға болады), бұл қызметкерлердің жұмыста өсуіне және өздерін бақытты сезінуге ықпал етеді. Жоғарыда талқыланған тәуекелдерді ескермеу, бұл жұмыста көбірек шаршауға әкеліп соғады.

Еске салайық, Қазақстанда 4 күндік жұмыс аптасына көшу мүмкіндігі 2021 жылдан бері талқыланып келеді. Сол жылы кейбір еуропалық елдер көшуді бастады. Исландия 40 сағаттан аз қысқа жұмыс аптасына көшті.

Кәсіподақтар мен азаматтық белсенділердің бастамасына жауап ретінде Исландияда 2015-2017 жылдары дәстүрлі жұмыс аптасын қысқарту бойынша екі эксперимент ұйымдастырылды. 2,5 мыңға жуық жұмысшы мен жұмысшы 35 сағаттық немесе 36 сағаттық аптаға көшті. Жұмыс уақытының қысқаруы жалақының қысқаруына әсер етпеді.

"Тестілеу уақыты және жұмыстардың алуан түрлілігі, сондай-ақ сапалық және сандық деректердің көптігі жұмыс уақытын қысқарту тиімділігінің анық дәлелдерін көрсетіп берді. Өнімділік сол күйінде қалады немесе керісінше өседі.", - делінген жергілікті тұрақты демократия қауымдастығының есебінде.

Ал Испания төрт күндік жұмыс аптасына 2021 жылдың наурыз айында көшті. Ұлыбританияда 18 компания тұрақты негізде төрт күндік жұмыс аптасын енгізетінін хабарлады.

Қазақстанда 2023 жылдың шілдесінен бастап 4 күндік жұмыс аптасы пайда болады. 1 шілдеден бастап мұндай өзгерістер Еңбек кодексіне қабылданған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңымен енгізілді. Бірақ бұл барлық қазақстандықтар аптасына 4 күн жұмыс істей бастайды деген сөз емес. Біз тек заң саласындағы жұмыс берушілерге осындай мүмкіндік ашатынын айтып отырмыз.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети