Биылғы жыл «Отандық импорт алмастырғыш химия өндірісін мемлекеттік қолдау туралы» бағдарлама мәресіне жетпек. Осыдан бес жыл бұрын бағдарлама қабылданған тұста «елімізде химия өнеркәсібінің мызғымайтын негізін қалауға мүмкіндік ашылды» деп кеуде керек кең тыныстағанбыз. Әйтсе де, қазірде химиктеріміздің өндіріске сұранып тұрған жаңалықтары қалтарыста қалып, өзге елден тасымалданатын импорттың қасында, отандық импорт алмастырғыш тауарларымыз өгей баланың күйін кешіп жүргені жасырын емес. Кезінде Кремльдің өзін тамсандырып, Мәскеудің азулы ғалымдарымен текетіреске түскен химик мамандарымыздың еңбегі бұл күні елеусіз-ескерусіз жүрген жайы бар. Алаш айнасы осы мәселенің түйінін тарқатып көруді жөн көрді.

Бір айта кетерлігі, әу баста жоғарыда аталған бағдарламаны «іске асырамыз» деп құлшынған тиісті орындар қазір керісінше, «әркім ашқан ғылыми жаңалығының бағын өзі аспандатуы қажет» деген қағиданы берік ұстанатын көрінеді.
Деректерге жүгінсек...
Егер дерегіне жүгінсек, біздегі химия өнеркәсібі өндірісінің көлемі биыл 38,5 пайызға жетіпті. Сарапшылардың бағамдауынша, бұл көрсеткіш былтырғыға қарағанда екі есе төмен. Ал химия өнеркәсібін жандандыруда көршілес елдеріміздің ішінде Қытай мен Ресей әлемдік сауда-саттықта өзіндік бедел де жинап үлгеріпті. Мәселен өткен жылы Қытайдан Қазақстанға тасымалданған химия өндірісінің өнімдері 22 пайыздан асып жығылса, Ресейден тасымалданатын өнімдер 42,8 пайыздың мөлшерін құрапты. Болашақта аталмыш елдер сауда айналымын екі есеге дейін арттыруды жоспарлап отырған көрінеді.
Байыптасақ, химия өнеркәсібін дамыту тауар өндірісін молайтудың көзі екенін бағамдайсың. Қазір елге сырттан келіп жатқан импорттар көші өзге елдің химия саласын дамытқаннан кейінгі жеткен жетістігі екені де мәлім. Күні ертең біз де бәсекеге қабілетті елдермен иық тірестіреміз деп отырмыз. «Демек бізге де қам жасау қажет» деседі мамандар.
Толық нұсқасын "Алаш айнасы" сайтынан қараңыз.