20 тамыз 2014 | 12:10

Қазақтың табысы ителгінің қанатында, ақбөкеннің мүйізінде екен

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Алаш айнасының иллюстрациясы ©Алаш айнасының иллюстрациясы

Осыдан біраз жылдар бұрын оңтүстік жұрты үшін ақбөкеннің еті нағыз деликатес болатын. Қолында қаруы бар аңшы біткен Бетпақдаланың қуыс-қойнауының бәрін тінтіп, ақбөкендерді қынадай қырып біткен-тін. Қан сасыған далада үйілген өлекселер мен тау болып мүйіздері қалды. Ол кезде ешкім де ақбөкеннің мүйіздері кәдеге жарайды деп ойламаса керек. Арада аз ғана уақыт өтпей-ақ қытайлықтар тарапынан сұраныс артып еді, ақбөкеннің мүйізін іздеп дала кезгендер Бетпақдаланың қойнау қолатының бәрін сүзіп, келілеп өткізуге кірісті.

Иконка комментария блок соц сети

Расында бүгінде оңтүстіктің орталығында ақбөкен мүйізінің саудасы қызып тұр. Оның көрігіне көмір тастап жүргендер де сол өзіміздің қаракөздер. Ақбөкеннің мүйізінен қытайлықтар керемет дәрі жасап шығарады-мыс. Бір данасының өзін 8-10 мың, тіпті 15 мың теңгеге дейін сатып алатындар баршылық. Кезінде бір «өнертапқыштар» үйіне осы мүйізден киімілгіш жасаған ғой. Енді солардың бәрін бұзып алып, пұлдап жіберді. Боялған мүйізге дейін қытайлықтардың қапшығында кетіп жатыр...

Одан кейінгі сауданың үлкені бүгінде ителгі құсты аулап, арабтарға сату «сәнге» айналды. «Қызыл кітапқа» енгізілген, сирек кездесетін құсқа араб ағайындар құмар екен. Құс саудасының саудагерлерінің айтуынша бұл құс теңіз түбінен маржан тереді-міс. Енді бір айтқыштардың әңгімесіне құлақ түрсек, аң аулауға құмар арабтар бұл құсты сол үшін сатып алады-мыс. Қайсысы шын, қайсысы өтірік, белгісіз. Белгілісі қылмыстық жауапқа тартылатынын білсе де осы құсты аулауға құмартушылар көп. Алды қолға түсіп, тиісті жазаларын алып та жатыр. Алайда аузы күйгенннен үрлеп ішуді үйренген бірі жоқ. Сұңқар тұқымдас құстардың ірі өкілі болып саналатын ителгі Қаратау мен Бұғыты, Сөгеті және Кіндіктау сияқты қыраттардың еңіс жерлерінде, Аңырақай, Байғара, Жамбыл, Хантау тауларының етегінде, Тарбағатай, Шыңғыстау, Алтынемел маңында көп кездесетін көрінеді. Бұл құсты аталастарынан ажыратып, тап басып тану да қиын екен. Арқасы күңгірт топырақ түстес келетін бұл құстың бауыр жағы қара дақтармен көмкерілген ақ сары болып келеді.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети