Халқымызда «балаға қандай ат қойылса оның келешегі соған байланысты болады» деген наным бар. Әрине халық айтса қалт айтпайтыны белгілі. Мұның қаншалықты шындыққа жанасатындығын кім білген, алайда «атына заты сай» деген де бар емес пе? Мұны психологтар да қос қолдап қолдайды. Мамандар адамның аты оның өміріне тікелей әсер ететіндіктен мағыналы есім қойған жөн дейді. Жаһанданудың жалына жармасқан кезеңде шүкір есімдеріміз де ерекшеленіп, жаңаша сипат ала бастады.

Бұрындары тілдің, көздің сұғынан сақтанып Сасықбай, Итемген, Жаманқұл деп әдейі ырымдап жиіркенішті есім қоя салатын дәстүр бүгінгіге жүрмейді... Бүгінде балаға біртүрлі ат қойылса да таң қалмайтын болдық. Осы ретте есімі ел аузында жүрген өнер жұлдыздарының балаларына қойған аттары сәнге айналды бүгінде. Расында кімге еліктерін білмей еліріп жүрген жастарымыздың өзгенің қаңсығын таңсық көрмей қазақи есімдерге ден қоя бастағаны қуантады. Ең алдымен Мақпал Жүнісованың қызына Мерей деп ат қойғаны осы есімге деген ерекше қызығушылық туғызғаны рас. Бүгінде еліміздің әр түкпірінде Мерейлеріміз бой жетіп келеді. Статистиктердің айтуынша бүгінде елімізде Индира Гандидің 10 мыңнан астам аттасы бар көрінеді. Теңіз асып, тау асып әзер жететін Индияның Индирасының қазаққа үш қайнаса сорпасы қосылмайтыны тағы да рас. Оның қасында патша болып ел басқармаса да Мерейлеріміз мерейімізді өсіріп жүрсе қанекей? Хош сонымен халқымыздың сүйікті әншісі Мейрамбек Бесбаев қызына Кәусар деп ат қойғанда бұрын соңды мұндай атты естімегендей таң қалғандар көп болды. Артынша Кәусар есімін жаңадан дүние есігін ашқан сәбиіне қоятындар қаптап кетті. Тіпті оны егіздерге де ұйқастырып қойғандар бар, Қайсар-Кәусар деп. Мейрамбектің тек өнерде ғана, емес, өмірде де өзгелерге үлгі болғаны қатты сүйсінтті. Артынша «тойдың королі» деген атты иеленіп, қазақы тойдан өзге ұлттың әндерін «түре қуып» шыққан Заттыбек Көпбосынұлының көптен күткен перзенті дүниеге келгенде «қандай есім берер екен?» деп елеңдей күткендер көп болды. Қазақтың қалың қаймағы қоныстанған өңірден шыққан Зәкең де қамшы салдырмады. «Абайдың әжесі Зеренің тағылымды өнегесін тарихтан оқып өстік қой. Сол себептен
Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар...