20 шілде 2020 | 11:38

Қазір той жасайтын кезең бе?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Ғаламдық тұрақтылық FM индексі 130 мемлекетті іскерлік өміршеңдігі мен қалыпқа келу қабілетіне сүйене рейтинг жасаған. Бағалау саяси тұрақтылық, корпоративті басқару жетістігі, қауіптің туындауына себептер, сауда механизмі, бизнес ортаның ашықтығы секілді факторларға негізделген. Пандемия бойы экономиканың тұрақтылығын сақтап қалуы жоғары деген деген мемлекеттердің тізімін олардың алғашқы реакциясына қарап жасаған. Көшті Норвегия, Швейцария мен Дания бастайды. Алғашқы үштікке енген Данияның бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерінде samfundssind сөзі сәнге айналған. Аудармасы - азаматтық борыш. Яғни, дат халқы қоғам алдындағы жауапкершілігін түсінген. Құрбандықтары дені сау қоғамға арналғаны айтпаса да түсінікті.

Иконка комментария блок соц сети

Ал біз азаматтық борышты қаншалықты сезініп жүрміз? Worldometers.info мәліметіне сүйенсек, коронавирус таралымы бойынша алғашқы 30-қа еніппіз. Мақтанатын дүние емес. Көш соңына да жайғасуға жағдай бар еді ғой той-домалақ пен жиын-отырысты кер дезінде тоқтатқанда. "Той - қазақтың қазынасы" - деген даналық бар. Рас, қазынасы. Ертеден ауыл-аймақты, ағайын-бауырды бір дастархан басына жинап, туыстықты одан әрмен бекіте түсетін әдемі салт қой. Алайда жер-жаҺанды індет жалмағанда той қазына ма, қаза ма? Бақытты болуға талпынған жастар біреудің бақытсыздығына себепкер болса, кімге пайда, кімге зиян? Алды 500 адам жиналатын үйлену тойының өзі сырға салғаннан бастап, келін шайға дейін созылатыны тағы бар.

BBC News сүйенсек, Ұлыбританияда 1 тамыздан бастап, 30 адамдық той өткізуге рұқсат. Әрине, той өтетін жерге байланысты адам саны шектелуі мүмкін. Той өткізуге арналған нұсқаулыққа сәйкес шара барынша қысқа болуы шарт. Қажеттілігі болмаса, ас пен сусын ішпейсіз. Той жырын қосыла айтпайсыз. Аспапты да қолданбайсыз. 30 адамның ішінде сіз шақырған қонақпен қатар фотограф пен тамада, әнші де болатынын ұмытпағайсыз. Адамдардың арасы үнемі 1 м қашықтықты ұстануы тиіс. Тойхана 21 күнге дейін тойға қатысқан адамдардың тізімін сақтауы тиіс. Локдаун жариялаған 23-наурыздан бері Тұманды Альбионның 73 600 үйлену тойы кейінге шегерілген екен.

Дәл осындай той жасауға әзірсіз бе? Тойы несі, бізде перзентханадан шығарып алуға 30 адам артық бармаса, кем түспейді. Жауапкершілік, басқаның өмірі мен денсаулығына деген құрмет болатын болса, Орал қаласында өткен онлайн тойдан неге үлгі алмасқа? Қалыңдық Оралда, күйеу жігіт Оңтүстік Кореяда, құдалар zoom арқылы танысып, кәдені курьермен жіберген қуаныш көп есінде қалары сөзсіз.

Дайындаған: Айнұр Базарова

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети