Кейбір қазақстандықтарға несие алуға тыйым салынады: Мәжіліс заң қабылдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кейбір қазақстандықтарға несие алуға тыйым салынады: Мәжіліс заң қабылдады Фото:depositphotos.com

Мәжіліс депутаттары бүгін қаржы нарығын дамыту және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша заңды екінші оқылымда қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәжіліс депутаттары бүгін қаржы нарығын дамыту және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша заңды екінші оқылымда қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжіліс депутаты Ерлан Стамбековтің айтуынша, заң жобасымен жұмыс барысында бірінші оқылымнан кейін жаңа түзетулер енгізілген. Атап айтқанда, олар мына мәселелерге қатысты:

  • мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерге несие мен микронесие беруге тыйым салу;
  • тұтынушылық кепілсіз онлайн-несиелер беру кезінде "суыту" кезеңін (24 сағат) енгізу;
  • кейбір азаматтар санатына кепілсіз тұтынушылық несиелерді тек электрондық үкімет порталы арқылы рәсімделген келісімнен кейін беру талабы;
  • банктер мен микроқаржы ұйымдарының алаяқтық жолмен алынған несиелер мен микронесиелерді есептен шығару негіздерін кеңейту;
  • табиғи немесе техногендік төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккен азаматтарға арналған мемлекеттік бюджеттен немесе қайырымдылық ұйымдарынан төленетін қаражатты үшінші тұлғалардың өндіріп алуына тыйым салу;
  • әлеуметтік осал топтарға жататын азаматтарға несиелер мен микрокредиттер бойынша кемінде үш ай мерзімге кейінге шегеру беру, сондай-ақ ай сайынғы төлем мөлшерін 50 пайызға және одан көпке азайту.

"Сонымен қатар, Қазақстанда шетелдік банктердің еншілес ұйымдары мен филиалдарын ашуға қойылатын талаптарды ырықтандыру мақсатында заң жобасы шетелдік банктің жиынтық активтерінің ең төменгі мөлшерін 20 миллиард доллардан 10 миллиард долларға дейін төмендетеді. Шетелдік банктің филиалын ашуға рұқсат алу үшін қажетті құжаттар тізімі қысқарды, сондай-ақ филиал жүзеге асыра алатын банктік қызмет түрлерінің тізімі кеңейтілді", – деді Стамбеков.

Сондай-ақ, заң қаржы ұйымдарын басқаруға бұған дейін қаржы ұйымын мәжбүрлеп таратуға әкелген адамдардың келуіне жол бермеу мақсатында мінсіз іскерлік беделге қойылатын талаптарды күшейтуді ұсынады. Бұдан бөлек, банктер мен банк холдингтерінің финтех-компанияларды сатып алу мүмкіндіктері кеңейеді.

Депутаттар заңды қабылдауға дауыс берді, енді ол Мәжілістің қарауына жіберіледі.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети