Кейінгі 10 жылда қазақтардың генофонды қалай өзгерді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кейінгі 10 жылда қазақтардың генофонды қалай өзгерді? Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Ғылым және жоғары білім министрлігі қазақтардың генофонды бойынша жүргізіліп жатқан зерттеулер туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ғылым және жоғары білім министрлігі қазақтардың генофонды бойынша жүргізіліп жатқан зерттеулер туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрлік кейінгі 10 жылдағы зерттеу деректерін ұсынды.

"Қазақтардың гендік қоры, яғни популяциядағы барлық генетикалық вариация жиынтығы соңғы 10 жылда айтарлықтай өзгеріске ұшыраған жоқ. Генетикалық құрылым мыңдаған жыл бойы қалыптасып келеді және онжылдық кезең елеулі өзгерістер үшін тым аз", - деп хабарлады ведомство Tengrinews.kz редакциясының сұрауына жауап ретінде.

Зерттеу нәтижелерін Ұлттық биотехнология орталығының адам генетикасы зертханасының меңгерушісі, доцент Мақсат Жабагин растады.

"Бәрі дұрыс. Генофондтың өзгеруі - эволюциялық процесс. Оның негізгі факторларына мутация, генетикалық дрейф, табиғи сұрыпталу, көші-қон, оқшаулау және будандастыру, жасанды сұрыптау және селекция жатады. Кейінгі он жылда аталған факторлардың ешқайсы Қазақстандағы қазақ халқына айтарлықтай әсер еткен жоқ. Жалпы, генофондтың өзгеруі ұзақ процесті білдіреді", - деді ғалым.

Оның айтуынша, қазақтардың гендік қоры XIII ғасырдан бері өзгерген жоқ.

"Біздің зерттеулеріміз, сондай-ақ шетелдік әріптестеріміздің зерттеулері, қазақтардың генофондының XIII-XIV ғасырларда қалыптасуын аяқтағанын және содан бері айтарлықтай өзгермегенін көрсетеді, дегенмен белгілі тарихи кезеңдер қазақтар санының күрт төмендеуімен қатар жүрсе де, олардың барысында генетикалық әртүрліліктің айтарлықтай жоғалуы ықтимал. Соған қарамастан, Жошы ұлысының ортағасырлық халқының, содан кейін - Қазақ хандығы мен қазіргі қазақ халқының генофондының бір бірінен айырмашылығы шамалы деп есептеуге болады", - деді Жабагин.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети