Келесі жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Келесі жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі? Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Келесі жылы да су шаруашылығы мамандарының жалақысы өседі. Бұл туралы су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қарағанды облысына ресми іс-сапары барысында мәлімдеді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Келесі жылы да су шаруашылығы мамандарының жалақысы өседі. Бұл туралы су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қарағанды облысына ресми іс-сапары барысында мәлімдеді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Биыл "Қазсушар" қызметкерлерінің еңбекақысы орта есеппен 25 пайызға өсті. Еңбекақысы тариф есебінен төленетіндердің де, республикалық бюджеттен алатындардың да айлығы көтерілді. Келесі жылы да біз су саласындағы мамандардың еңбекақысын көтеру бойынша жұмысты жалғастырамыз. Еліміздің су қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мамандардың еңбегі лайықты түрде бағалануға тиіс", – деді министр.

Еске салайық, бұған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Қазақстанда қанша адам ең төменгі жалақы алатынын айтты.

"Қазақстанда 1 миллион 800 адам ең төменгі жалақы, яғни 85 мың теңге алып жүр. Оның ішінде шамамен 361 мыңы – азаматтық жұмысшылар", – деді Светлана Жақыпова.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети