Кеңсе суық болса: қызметкер қандай жағдайда жұмыс істеуден бас тарта алады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кеңсе суық болса: қызметкер қандай жағдайда жұмыс істеуден бас тарта алады?

Қазақстанда күн суытып, кеңселер де салқындап кетті. Осыған байланысты Tengri Life жұмыс орнында салқын болған жағдайда қызметкерлер не істей алатынын анықтады. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда күн суытып, кеңселер де салқындап кетті. Осыған байланысты Tengri Life жұмыс орнында салқын болған жағдайда қызметкерлер не істей алатынын анықтады. 

Заң не дейді?

Еңбек кодексінің 182-бабына сәйкес, жұмыс беруші қызметкерлерге қауіпсіз әрі қолайлы еңбек жағдайын қамтамасыз етуге міндетті. Бұл тек жабдықтардың жарамдылығы мен қауіпсіздік талаптары ғана емес, сонымен қатар жұмыс орнындағы қалыпты температураны да қамтиды. Егер еңбек жағдайы санитарлық талаптарға сай келмесе, қызметкер заңды түрде жұмыс істеуден бас тартуға құқылы.

Сонымен қатар, жұмыс беруші қызметкерлерді қажетті санитарлық-гигиеналық жағдайлармен қамтамасыз етуі тиіс. Оған арнайы киім беру және жөндеу, дезинфекция құралдары, алғашқы көмек қобдишасы, жеке және ұжымдық қорғаныс құралдары жатады. Кей жағдайларда сүт немесе оған тең өнімдер де қарастырылуы мүмкін.

Температураға қойылатын талаптар

Заңгер Сабина Ахметованың айтуынша, Еңбек кодексінің 184-бабы жұмыс орнындағы температура, жарықтандыру және желдету санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сай болуы керегін міндеттейді. Кеңседегі ауа температурасы 18 градустан төмен болмауы тиіс.

Оның айтуынша, егер дауылды ескерту жарияланса, жұмыс беруші қызметкерлерді тасымалдауды ұйымдастыруға, қашықтан жұмыс істеуге рұқсат беруге немесе жұмыс күнін қысқартуға міндетті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Сабина Абд (@ahmetova.sabina.zhanatovna)

Қызметкер не істеуі керек?

Егер кеңседе суық болса, мамандар мынадай әрекеттерді ұсынады:

  • жұмыс берушіге еңбек жағдайының талапқа сай еместігін хабарлау;
  • заңға сәйкес, жағдай түзетілгенге дейін жұмыстан бас тарту;
  • дауылды ескерту кезінде қашықтан жұмыс істеу немесе қысқартылған жұмыс күні мүмкіндігін пайдалану.

Мамандар қызметкерлерді өз құқықтарын білуге және еңбек қауіпсіздігіне немқұрайлы қарамауға шақырады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды

Валюта бағамы

 518.81  course down  609.28  course down  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети