“KMF“ МҚҰ“ АҚ екінші деңгейдегі банкке айналуға рұқсат алды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: МҚҰ KMF Фото: МҚҰ KMF

Қазақстанның жетекші микроқаржы ұйымы "KMF (ҚМФ)" МҚҰ" АҚ екінші деңгейдегі банкке айналуға рұқсат алғаны туралы хабарлайды. Рұқсатты Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) берді.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның жетекші микроқаржы ұйымы "KMF (ҚМФ)" МҚҰ" АҚ екінші деңгейдегі банкке айналуға рұқсат алғаны туралы хабарлайды. Рұқсатты Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) берді.

Бұл қадам қаржылық қызметтер спектрін кеңейтуге және олардың клиенттерге қолжетімділігін жақсартуға бағытталған KMF компаниясы дамуының жаңа кезеңін айқындайды.

Фото: МҚҰ KMF

Екінші деңгейлі банкке айналуға рұқсат алу – бұл біздің команданың қажырлы еңбегінің және Реттеушімен сындарлы өзара әрекеттің нәтижесі. Бұл қадам Қазақстанның қаржы нарығындағы позициямызды нығайтып, клиенттерімізге одан да сапалы және инновациялық шешімдерді ұсынуға мүмкіндік беретініне сенімдіміз. Дегенмен біздің миссиямыз өзгеріссіз қалады: шағын және орта бизнесті қолдау, оның ішінде ауыл тұрғындарына ерекше назар аудару, сондай-ақ олардың дамуына көмектесетін қолжетімді қаржылық қызметтерді ұсыну",  - деп атап өтті "KMF" МҚҰ" АҚ Басқарма төрағасы Шалқар Жүсіпов. 

Трансформациялау процесі 2023 жылдың ақпанында компанияны акционерлік қоғамға айналдырудан басталды, ол осы стратегиялық мақсатқа жету үшін жұмысын жалғастырды.

Банк лицензиясын алу үшін заңнаманың барлық талаптарына сай болу керек. Ол үшін арнайы жабдықтар сатып алынып, бағдарламалық жасақтама ендіру және бизнес-процестерді жаңғырту талап етіледі.

KMF-тің банк мәртебесіне ауысуы ұсынылатын өнімдердің спектрін ұлғайтып қана қоймай, клиенттер үшін жаңа мүмкіндіктерді ашады:

  • Қаржылық инклюзияны дамыту. Қаржылық қызметтерге қол жеткізу шектеулі болып табылатын шалғай өңірлердегі байланысты күшейту.
  • Бизнесті қолдауды нығайту. Компания шағын және орта бизнес, сондай-ақ жеке клиенттер арасында сұранысқа ие депозиттерді, карталарды, несие өнімдерін және басқа да қызметтерді ұсынуды жоспарлап отыр.
  • Инновацияларды енгізу. Қызметтерді жекелендіру үшін жасанды интеллект пен машиналық оқытуды қосу жоспарда бар.

"Көп уақытты және команданың қажырлы еңбегін талап ететін аталмыш процесс біздің алдымыздан жаңа көкжиектерді ашуға мүмкіндік береді. Біз екінші деңгейдегі банктерге қойылатын жоғары стандарттарға сай болу үшін тәуекелдерді басқарумен, ішкі бақылаумен және банк өнімдерін әзірлеумен айналысатын командаларды күшейттік", - деп қосты Шалқар Аманқосұлы Жүсіпов.

Бұл қадам KMF-тің клиенттерге қызмет көрсетуін жалғастыра отырып, қаржылық тұрақтылықты нығайтуға және Қазақстан экономикасының дамуына үлес қосуға деген ұмтылысын растайды.

"KMF (ҚМФ)" микроқаржылық ұйымы" акционерлік қоғамы  –  шағын кәсіпорындар мен жеке тұлғалар үшін қаржылық қызметтердің кең спектрін ұсынатын Қазақстандағы ірі микроқаржылық ұйым.

ҚНРДА-ның 18.07.2024 жылғы №02.21.0003.M лицензиясы.

Tengrinews
Жарнамалық материал
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro