Көл, бассейн, сауна. Қостанай облысындағы бұрынғы президенттік резиденцияның қазіргі жай-күйі қандай?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көл, бассейн, сауна. Қостанай облысындағы бұрынғы президенттік резиденцияның қазіргі жай-күйі қандай? Бұрынғы президенттік резиденцияның бас корпусы. Фото: Қостанай облысының әкімдігі

Бассейн, сауна, релаксқа арналған бөлмелер және проекторлары бар интерактивті залдар - жақында Қостанай облысындағы бұрынғы президенттік резиденцияда оңалту орталығы жұмыс істей бастады.


Бассейн, сауна, релаксқа арналған бөлмелер және проекторлары бар интерактивті залдар - жақында Қостанай облысындағы бұрынғы президенттік резиденцияда оңалту орталығы жұмыс істей бастады.

Айта кететін жайт, 2023 жылдың басында Қостанай, Тараз, Ақтау, Атырау және Ақтөбе қалаларындағы президенттік резиденцияларды балалар игілігіне беру туралы шешім қабылданған болатын. Жергілікті әкімдіктер бұл нысандардың кімге берілетінін өздері анықтауы тиіс еді: балабақшалар, сауықтыру орталықтары немесе басқа да мекемелерге.

Арада үш жыл өткенде бұл бастама қалай жүзеге асып жатыр? Tengrinews.kz редакциясы оның орындалу барысын бақылап отыр. Біз Жамбыл облысындағы бұрынғы резиденцияда балаларға арналған оқу-сауықтыру орталығы ұйымдастырылғанын анықтадық. Онда балалар лагерьдегідей ауысыммен демалып, ем алады, тіпті бұрынғы президенттік бассейнде жүзе алады. Сонымен қатар, тілшілеріміз Жамбыл облысы әкімінің қайда тұратынын да білді.

Бұл материал - топтаманың жалғасы. Онда Қостанай облысындағы резиденцияның тағдыры не болғанын, оны күтіп ұстауға қанша қаражат жұмсалатынын және өңір басшысының қайда тұратынын талдаймыз. 

Қостанай облысындағы бұрынғы президенттік резиденция: қазіргі жай-күйі

Tengrinews.kz редакциясы нысанның суреттерін ұсынуды және оны күтіп ұстауға бюджеттен жыл сайын қанша қаражат бөлінетінін сұрап, Қостанай облысының әкімдігіне ресми сауал жолдады.

Енді бұрынғы президенттік резиденцияның іші мен сырты қандай екенін көре аламыз. Нысан шағын жасанды су қоймасының жанында орналасқан. Қазір бұл ғимарат ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған оңалту орталығы болып қайта жабдықталған.

Вид на бывшую президентскую резиденцию в Костанайской области сверхуРезиденцияның жоғарыдан түсірілген көрінісі. Фото: Қостанай облысының әкімдігі

Әкімдік өкілдері бұрынғы резиденцияның жеті корпустан тұратынын айтты. Оның төртеуі психоневрологиялық патологиясы бар балалардың тұруына арналған. Тағы үш корпус "арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге" бөлінген

Бұл резиденцияда бұрын да бассейн болған, ол бөлек ғимаратта орналасқан. Орталық үшін ол сақталып қалды. Қазір жаңа мекеменің "жетінші корпусы" ретінде есепте тұр. 

Бассейн в бывшей президентской резиденции в Костанайской областиҚостанай облысындағы бұрынғы президенттік резиденциядағы бассейн. Фото: Қостанай облысының әкімдігі

Бассейнмен қатар балаларға сауна да бұйырған - суреттерге қарағанда, ондағы пеш кірпіштен қаланған.

Сауна в бывшей президентской резиденции в Костанайской области Фото: Қостанай облысының әкімдігі

Әкімдік ұсынған суреттерден кейбір бөлмелердің балаларды сауықтыруға және релаксация жасауға арналған арнайы бөлмелерге айналдырылғанын көруге болады. 

Комната для релаксации в реабилитационном центре для детей на месте бывшей президентской резиденции, Костанайская область Фото: Қостанай облысының әкімдігі

Комната для процедур в реабилитационном центре для детей на месте бывшей президентской резиденции, Костанайская область Фото: Қостанай облысының әкімдігі

Кафе в реабилитационном центре для детей на месте бывшей президентской резиденции, Костанайская область Фото: Қостанай облысының әкімдігі

Сондай-ақ проекторлары бар жеке интерактивті залдар бар:

Интерактивный зал с проектором в реабилитационном центре для детей на месте бывшей президентской резиденции, Костанайская область Фото: Қостанай облысының әкімдігі

Сонымен қатар сауықтыру процедураларына арналған арнайы жабдықтар қойылған. Суретке қарап, олардың жаңадан сатып алынғанын немесе орталыққа алдыңғы иесінен қалғанын дөп басып айту қиын.

Ванна для процедур в реабилитационном центре для детей на месте бывшей президентской резиденции, Костанайская область Фото: Қостанай облысының әкімдігі

Спецоборудование в реабилитационном центре для детей на месте бывшей президентской резиденции, Костанайская область Фото: Қостанай облысының әкімдігі

Әкімдік мәліметінше, оңалту орталығы балалардың денсаулығын жақсартуға және оларды әлеуметтік бейімдеуге бағытталған арнаулы әлеуметтік қызметтердің толық кешенін көрсетеді. Орталық 60 төсек-орынға есептелген. 

"Жылдық жоспарлы қамту 1,6-дан 18 жасқа дейінгі 900 бала. Жоспарланған оңалту мерзімі 14 күннен 21 күнтізбелік күнге дейін (15 кезең) ұзартылды", - делінген облыс әкімдігінің Tengrinews.kz сауалына берген жауабында. 

Өзгеріс үш жылға созылды

Бұл резиденцияның балалар қажеттілігіне берілетіні туралы 2023 жылдың ақпанында белгілі болған еді. Сол жылдың наурызында онда оңалту орталығын ашу туралы шешім айтылды. Дегенмен, ойға алған істі жүзеге асыру жолы қатарынан үш жылға жуық уақытты алған.

Әкімдік "Мүгедектігі бар адамдарға арналған оңалту орталығы" КММ-сі 2025 жылғы 15 желтоқсанда ашылғанын, ал алғашқы балаларды мекеме жақында ғана - 5 қаңтарда қабылдағанын хабарлады. 

"2026 жылғы 13 сәуірдегі жағдай бойынша орталықта 128 мүгедектігі бар бала (4 кезең) оңалтудан өтті, бүгінде 35 мүмкіндігі шектеулі бала оңалту қызметін алып жатыр", - деп хабарлайды облыс әкімдігі. 

Бүгінде бұрынғы резиденцияның ғимараттары мен оған іргелес аумақтар Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының теңгерімінде.

Бұл қанша тұрады? 

Мұндай нысандарға қатысты тағы бір маңызды мәселе - қаржыландыру. Өңір әкімдігі бастапқыда осының барлығын реконструкциялауға облыстық бюджеттен 126,1 миллион теңге бағытталғанын айтады. Бірақ бұнымен біткен жоқ, жабдықтауға да қаражат қажет болған:

"Орталықты заманауи оңалту жабдықтарымен қамтамасыз етуге "Қазақстан халқына" қоғамдық қоры бір миллиард теңге бағыттады", - деп толықтырды шенеуніктер. 

Орталықтың жұмысын қамтамасыз ету - бөлек шығын. Бұған облыстық бюджеттен 2026 жылға 686 миллион теңге қарастырылған.

Біз бұл қаражаттың тендерлер аясында бөлінген-бөлінбегенін анықтауға тырыстық.

Мемлекеттік сатып алуға қатысушылар тізілімінен "Қостанай облыстық мүгедектігі бар адамдарға арналған оңалту орталығы" КММ-сін таба алдық. Алайда оның заңды мекенжайы Қостанай қаласы, Гоголь көшесі, 11-үйде орналасқан. Бұл бұрынғы резиденция тұрған жер емес.

Сондай-ақ қатысушының карточкасынан тіркелген күнін көреміз - 2016 жылғы 5 қаңтар. Яғни, бұл ескі мекеме, жаңасы 2025 жылғы 15 желтоқсанда құрылған.

Сонымен қатар, дәл осы тізілімнен тиісті тіркеу күні мен мекенжайы бар "Мүгедектігі бар адамдарға арналған оңалту орталығы" КММ-сін таба алмадық.

Қаржыландыру Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы арқылы жүзеге асырылды деп болжауға болады, өйткені бұрынғы резиденция солардың теңгеріміне өткен.

Алайда, жыл басында да, былтырғы жылдың аяғында да бұл басқарма КММ-мен оңалту орталығының қызметін жүзеге асыру бойынша келісімшарт жасаспаған. Сондай-ақ басқарма мұндай қызметтерді жеткізуші ретінде де көрінбеді. 

Сондықтан қолда бар деректер негізінде оңалту орталығының қалай қаржыландырылатыны туралы әзірге нақты айту қиын. 

Қостанай облысының әкімі қайда тұрады?

Егер президенттік резиденция балалардың игілігіне берілсе, онда облыс әкімі Құмар Ақсақалов қайда тұрып жатыр деген сұрақ туындайтыны заңды, өйткені кейбір өңір басшылары резиденцияларды қызметтік тұрғын үй ретінде пайдаланған немесе пайдаланып келеді.

Қостанай облысының әкімшілігі әкімнің "көпқабатты тұрғын үйдің қызметтік пәтерінде" тұратынын айтты. Сондай-ақ жергілікті БАҚ-тағы жарияланымдарға сілтемелер жіберді, онда Ақсақаловтың өз тұрмысы туралы айтқан сөздері келтірілген. 

"Мен қалада тұрамын. Көпқабатты үйде. Бірінші қабатта, ешқандай күзет жоқ. Мүлдем. Көршілерімді танимын ба? Иә. Бір этаждағы көршім - аула сыпырушы. Аулада жұмыс істейтін әйел. Күн сайын жұмысқа шыққанда оны кездестіремін, ол әрқашан қар күреп, ауланы сыпырып жүреді. Ол МИБ-те (ОСИ) жұмыс істейді. Өте жағымды, биязы әйел", - деп келтірді БАҚ өңір басшысының биыл наурыздағы сөзін. 

Сондай-ақ өңірлік әкімшілік бізге Құмар Ақсақаловтың коммуналдық қызметтер үшін ақыны өзі төлейтінін хабарлады. Бірақ бұл тақырып бойынша басқа ешқандай мәлімет берілмеді.

Авторы: Никита Данилин

Дайындаған: Дина Шәріпхан

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 474.07   556.89   6.3 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер