Көлік тізгінінде музыка тыңдау жүргізушілерге қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеуі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көлік тізгінінде музыка тыңдау жүргізушілерге қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеуі Фото:depositphotos.com

Көлік жүргізу кезінде музыка тыңдау жүргізушілердің мінез-құлқына әсер етеді. Алайда бұл ықпалды оң немесе теріс деп бағалау қиын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көлік жүргізу кезінде музыка тыңдау жүргізушілердің мінез-құлқына әсер етеді. Алайда бұл ықпалды оң немесе теріс деп бағалау қиын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, ғылыми зерттеулер дерегін талдаған ғалымдар осындай қорытындыға келген. Зерттеу нәтижелері Science X платформасында жарияланған.

Жиналған мәліметтерге сәйкес, жүргізушілердің 80 пайыздан астамы жолға шыққанда әуен қосады. Әсіресе, тәжірибесі аз жүргізушілер толық тыныштықта зейін қою қиын екенін мойындаған. Музыка шынымен де рөлдегі көңіл күйді жақсарта алады, алайда сонымен қатар көлікті басқаруға қатысты бірқатар маңызды көрсеткіштерді нашарлатуы мүмкін.

Зерттеулерге сәкес, музыка тыңдайтын жүргізушілер апатты жағдайларға жиі тап болады, арақашықтықты дәл сақтамайды және жылдамдықты бақылауы әлсірейді. Бұған қоса, музыканың психологиялық кернеуді арттыруы да мүмкін.

Сонымен бірге, оның оң әсері де бар: бірсарынды жол учаскелерінде музыка шаршаумен күресуге көмектеседі. Алайда бұл әсер уақытша сипатқа ие және шамамен 15–25 минутқа ғана созылады. Қатты музыка, әдетте, жылдамдықтың сәл артуына алып келсе, баяу әуендер сабырлы жүргізу мәнерімен байланысты.

"Зерттеу барысында жүргізуші өзі таңдаған әрі бұрыннан таныс әуендер зейінді азырақ бөлетіні анықталған. Ал бейтаныс немесе жағымсыз музыкалар қателіктердің көбеюіне және назардың төмендеуіне жиі себеп болады", - делінген мақалада.

Ең осал топ ретінде жүргізу тәжірибесі аз жүргізушілер танылған. Оларда, әсіресе, қарқынды немесе агрессивті музыка менталдық жүктемені арттырып, жылдамдықтың өсуіне және қауіпті жағдайларды дер кезінде байқай алмауға әкеледі. Ал тәжірибелі жүргізушілерде мұндай әсерлер байқалмаған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 510.08  course up  594.46  course up  6.42  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети