07 қараша 2014 | 11:36

Көрден шыққан кемпір

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет. thenews.kz Көрнекі сурет. thenews.kz

 70-жылдары біздің ауылда мыңғырған малы бар Есенбай деген бай кісі болды. Адамдардың айтуына қарағанда, малының санын Есенбайдың өзі де білмейді. Сол маңда отар қой, табын сыйыр, үйір жылқы көрінсе «бұл Есенбайдың малы» дейтін. Есенбайдың малының сансыз көп екенін содан да аңғаруға болатын. Соған қарағанда ол маңда Есенбайдың малынан басқа мал жүрмесе керек. Білетіндер «ауылдағы қалған адамдардың бүкіл малын қосқанда Есенбайдың малының оннан біріне жетпейді» деуші еді.

Иконка комментария блок соц сети

Сол Есенбайдың байлығын аузын ашқанда бірден көруге болатын. Есенбай аузын ашқанда отыз екі алтын тіс жарқырап көрінетін (сол кездері алтын тіс мода болған). Соны көрсеткісі келе ме болмышы нәрсеге аузын айқара ашып, ақалап күле беретін. Есенбайдың анасы мен әйелі де алтыннан құр емес еді. Білегі мен саусағындағы алтынға қоса олардың да бар тісі алтынмен апталған болатын. Алтын бар жерге жылан үйір деуші еді. Бірақ Есенбайдың үйіне адамдар үйір болатын. Есенбайдың үйінің шаруасына көмектесу үшін баратын (жағымпаз) адамдар көп еді. Кейбір үйге шақырса бармайтын, ауылдың ана шетінде тұратын молда да ауылдың мына шетінде тұратын Есенбайдың үйіне күнде бір рет бас сұғып, ата-бабасына құран бағыштап кететін. Сондықтан құрдастары оны «Есенбайдың жеке молдасы» деп келемеждейтін. Тіпті, Есенбайдың көкпарға салатын атын баптауға таласатындар да көп тұғын. Шамасы жақсы ақы төлейтін болу керек.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети