Ащы да болса шындық. Бүгінде он қазақтың тоғызы жалдамалы пәтердің «басыбайлы» тұрғыны. Олай дейтініміз еліміздегі тұрғын үйлердің бағасы Еуропаның орталық қалаларындағы пәтер құнымен деңгейлес. Республикада орта таптың үлес салмағының басым екендігін ескерсек, «қолжетімді баспана» қазірге «қолжетімсіз» болып тұр. Себебі, жалақысы орташа есеппен 50-60 мың теңге азаматтың тырнаштап жиған тиыны қай жыртығына жамау болсын? Бұған дейін де статистика агенттігі хабарлағандай, елімізде тұрғын үй бағасы қымбаттамаса, арзандаған жоқ. Мәселен, өткен жылдың сәуір-қазан айлары аралығында көпқабатты тұрғын үйлердің әр шаршы метрі 10-12 пайызға қымбаттаса, көрсеткіштер 2012 жылмен салыстырғанда үй құнының 9 пайызға өскенін көрсетіп отыр. Былтыр бір бөлмелі пәтердің құны Астанада 55-65 мың долларға жетсе, Алматыда 75-85 мың доллар төңірегінде, ал, Өскеменде 29-35 мың долларға ауытқыды. Биыл Елордада бір бөлмелі пәтер құны 58-71 мың доллар болса, Алматыда 78-91 мың долларға жеткен. Өскеменде 33-41 мың долларға саудаланып жатыр. «Алаш айнасы» осы мәселені зерттеп көрген еді.

Толық нұсқасын "Алаш айнасы" сайтынан қараңыз