Биылғы жыл Қой жылы. Қой жылы қазаққа жайлы болатынын жұлдыз жорамалшылдарымыз жіктеп айтып берді. Мұны біз бұдан бұрын «Алаш айнасы» порталында жаздық. Ал енді біздің ғалымдарымыз қойдың табиғаты өз алдына, қойдың еті де сүті де адамның ағзасына күш-қуат беруден бөлек, адамның дертіне де шипа бола алатынын алға тартуда. Ендеше біз келіп жеткен Қой жылында осы жайттарды тізбектеп көруді жөн көрдік...

Ғылыми дәйектерге жүгінсек...
Бірінші кезекте ғылыми дәйектерді сөз етер болсақ, қойдың етінің құрамында су-68 пайыз; ақуыз-17,3 пайыз; май 13,6 пайыз; көмірсутегі-0,5 пайыз болып түзіледі. Бұған кальций фосфор, темірді қосып қойсақ, ғалымдардың «қой етінің талай дертке дауа» деп отырғанының жаны бар екенін бағамдаймыз. Мұндай деректерді тізбелеп отырған генетиктер қой етінің бүйрек қызметін бекемдеп, белсіздіктің алдын алатынын баса айтып отыр. Осыған қарап ата-балаларымыздың көрегендігін, білімділігін тағы бір мойындауға тура келеді. Мәселен, қазақтың ежелден келе жатқан бір дәстүрі, ол жас босанған әйелге міндетті түрде бір қойды байлап оны қалжа етіп сою. Бұл-босанған әйелдің белі тез бекіп, сүйектері жылдам қатаюы үшін әуелден жасалынып келе жатқан ғұрып. Ғылыми дәйек пен ұлттық ғұрпымызды салыстырар болсақ, астарында көп нәрсе жатқанын аңғаруға болады.
Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.