Қозы Көрпеш - Баян Сұлу күні қалай пайда болды?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Midjourney Midjourney

Қазақстанда жыл сайын 15 сәуірде ең романтикалық мейрамдардың бірі - Қозы Көрпеш - Баян Сұлу күні атап өтіледі. Бұл күн - қазақ халқының эпикалық махаббат хикаясына негізделген ғашықтар күні.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда жыл сайын 15 сәуірде ең романтикалық мейрамдардың бірі - Қозы Көрпеш - Баян Сұлу күні атап өтіледі. Бұл күн - қазақ халқының эпикалық махаббат хикаясына негізделген ғашықтар күні.

Бұл мейрам - Валентин күнінің ұлттық баламасы ретінде қалыптасқанымен, оның мәдени және тарихи маңызы әлдеқайда терең. Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу - махаббаттың мәңгілігін, адалдық пен рухани берік байланысты бейнелейтін кейіпкерлер. Бұл күн махаббатты, шынайы сезімді және ұлттық құндылықтарды дәріптейтін ерекше мейрам ретінде кеңінен танылып келеді.

Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу туралы

Қозы Көрпеш - Баян Сұлу эпосы - халқымыздың інжу-маржаны, асыл қазынасы. Бір-біріне қосыла алмаған қос ғашықтың қайғылы махаббатын жырлайды. Лиро-эпостық жыр XIII-XIV ғасырлардан бастап жырланып, XIX ғасырдың ортасы тұсында қағазға түсірілді. Қозы мен Баян эпосы Сыбанбай, Бекбау, Жанақ, Шөже ақындар арқылы ауыздан-ауызға тарап, ұрпақтан-ұрпаққа жетті.

Белгілі жазушы, драматург Ғабит Мүсіреповтің осы аттас пьесасы бар. Шығарма 1939 жылы сәуірде жазылып біткен. Баян Сұлу – Қозы Көрпеш трагедиясы алғаш рет 1940 жылы 29 сәуірде М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында сахналанды. Ал 1992 жылы Асанәлі Әшімов түсірген "Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу" кинокартинасы көрерменге жол тартты. Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданында Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу кесенесі бар. 2023 жылы мазар "Қазақстанның киелі жерлері" тізіміне енді.

Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу күні қалай пайда болды?

Деректер бойынша, бұл мерекені атап өтуді Оңтүстік Қазақстан облысында 1999 жылы Дархан Мыңбай ұсынып, жастар ұйымдарын, оқу орындарын, ақпарат құралдарын соған шақырған. Батыстағы мерекелерді ескеріп, ешқандай күнге тура келмесін деп, дәл осы күнге қойылған болуы керек. 

2011 жылы Алматы әкімдігінің жастар саясаты басқармасы 15 сәуірді - Ұлттық ғашықтар күні ретінде ресми іс-шараларының қатарына қосты. Ал 2012 жылы елордадағы Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенттері махаббат күнін қазақтың ұлттық "Ақсүйек" ойынымен жаңғыртып, жастар ойын-сауық іс-шарасын ұйымдастырды. Дәл сол жылы Көкшетаудың ерікті жастары да Қозы мен Баян күнін Тәуелсіздік алаңында атап өтті. Содан бері қос ғашықтың кіршіксіз сезімін дәріптеп, ұлттық мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізге негізделген мерекені тойлайтын жастардың саны біртіндеп артып келеді.

Қозы Көрпеш пен Баян сұлудың ескерткіші. ШҚО, Аягөз ауданы

Салт-дәстүрді қоссақ

Тарихшы, этнограф Ардақ Беркімбайдың айтуынша, ғашықтар күні атап өтілгені дұрыс, алайда салт-дәстүрлерімізге қайшы қылықтар жасалмауы тиіс.

Махаббат күнін ұлттық танымымызға, салт-дәстүрлерімізге қайшы келмейтіндей етіп атап өткен абзал. Ал "Қозы Көрпеш - Баян Сұлу күні" деген атау сәтті қойылған деп ойлаймын. Ата-бабаларымыздан қалған салт-дәстүрлеріміздің барлығының жөн-жосығы, тәрбиелік мәні бар", - дейді ол.

Айтуынша, бұл атаулы күнде ежелгі дәстүрлерімізді жаңғыртып, заманға сай қолдана білуіміз керек.

"Бұл күні бозбалалар мен бойжеткендер бастаңғы жасаса болады. Ертеректе ауылда үйдің үлкендері жолаушылап кеткенде, ауыл жастары сол үйге жиналып, бастаңғы жасаған. Ол әрине үлкендердің рұқсатымен болған. Осындай кештерде құрбы-құрдастар араласып, бір-бірін жақын танып, бой жете бастаған қыздар жағы қонақ күтудің жол-жоралғыларын үйренеді. Ән айтылып, күй шертіліп, ойындар ойналған. Айлы, жарық түнде ақсүйек ойнаған. Алтыбақан құрылып, бозбалалар мен бойжеткендер махаббат әндерін шырқап, бір-біріне жеткізе алмай жүрген сезімдерін тұспалдап жеткізген. Наурыз мейрамында бойжеткендер жігіттерге "ұйқыашар", ал бозбалалар қыздарға "селт еткізер" сыйлықтарын жасаған. Ол өз сезімдерін білдірудің көрінісі. Осы дәстүрлерімізді "Қозы Көрпеш - Баян сұлу күнінде" жаңғырта білсек, өзіміздің ұлттық нақыштағы "махаббат күніне" айналар еді", - деді Беркімбай.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro