Күніне қанша кесе шай ішкен дұрыс? Дәрігерлер кеңесі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Күніне қанша кесе шай ішкен дұрыс? Дәрігерлер кеңесі Фото:depositphotos.com

Қара шайдың пайдалы ішімдік екені көпке белгілі. Бірақ нағыз әсерін сезіну үшін күніне бір емес, бірнеше кесе ішу керек екен. Бұл сұраққа Қытайдағы Наньян технологиялық университетінің кардиологтары зерттеу жүргізіп, тосын нәтижелерге келді. Зерттеу нәтижесі Nutrition, Metabolism and Cardiovascular Diseases журналында жарияланды, - деп хабарлайды "Доктор Питер"


Қара шайдың пайдалы ішімдік екені көпке белгілі. Бірақ нағыз әсерін сезіну үшін күніне бір емес, бірнеше кесе ішу керек екен. Бұл сұраққа Қытайдағы Наньян технологиялық университетінің кардиологтары зерттеу жүргізіп, тосын нәтижелерге келді. Зерттеу нәтижесі Nutrition, Metabolism and Cardiovascular Diseases журналында жарияланды, - деп хабарлайды "Доктор Питер"

Нәтиже қандай? 

Ғалымдар қара шай мен жүрек-қан тамырлары ауруларының байланысын зерттеген 14 жұмысқа талдау жасады. Соның ішінде екі зерттеу Ұлыбританиядан болды, онда шайға сүт қосқан кездегі әсері қарастырылған.

Нәтиже таңқаларлық: нәтижелі әсер үшін күніне 10 кесе шай (шамамен 1,2 литр) ішу керек. Бұл жүрек-қан тамырлары ауруларының даму қауіпін шай ішпейтіндермен салыстырғанда 16 пайыз төмендетеді.

Әрине, 10 кесе шай ішу бәріне оңай емес. Дәрігерлер күніне дене салмағына 1 келіге 30–50 мл сұйықтық ішу керек деп кеңес береді. Мысалы, 70 келі адамға бұл шамамен 2,5 литр сұйықтық.

Көбі мұндай көлемде шай ішпейді. Бірақ күніне бір-екі кесе ішсең, жүрек ауруларының қауіпі шамамен 5 пайыз азаяды, бұл - да жақсы нәтиже.

Шайға сүт қосуға бола ма?

Ұлыбритания ғалымдарының талдауынша, шайға сүт қосу әсерге кедергі болмайды. 

"Қара шай ішу жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупін азайтуға көмектеседі. Бұл - алғашқы профилактика үшін тиімді әдіс", - дейді зерттеу авторлары.

Қан қысымын реттеуге де пайдалы.

Қара шайдағы флавоноидтар, әсіресе катехиндер, қан қысымын тұрақтандыруға, жүректі нығайтуға, қант пен холестеринді төмендетуге көмектеседі.

Ғалымдар қысымды реттеу үшін күніне кемінде 4 кесе шай ішу керек, және оны күннің бірінші жартысында ішуді ұсынады. Әйтпесе, ұйқы бұзылып, түнде ұйықтау қиын болуы мүмкін.

Тағы бір артықшылық

Кей адамдар кофе іше алмайды. Мұндайда таңертең шай ішу - жақсы балама. Қара шайдағы кофеин мөлшері бір порцияға шамамен 47–90 мг, бұл да сізге сергектік береді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Иконка Tengri health

Валюта бағамы

 522.77  course down  608.62  course up  6.47  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети