20 қыркүйек 2024 | 09:01

Құрылыс басталғаннан бері Astana LRT-де қанша апат пен жазатайым оқиға болды?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Жоба басталғалы бері Astana LRT-де қанша апат пен оқыс оқиға болды? Толығырақ - Tengrinews.kz материалында.


Иконка комментария блок соц сети

Жоба басталғалы бері Astana LRT-де қанша апат пен оқыс оқиға болды? Толығырақ - Tengrinews.kz материалында.

Астанадағы LRT жобасына 20 жылға таяп қалды. Елордадағы жаңа көлік жүйесі туралы халық сонау 2005 жылы айта бастады, ал құрылыс тікелей 2011 жылы басталды. Tengrinews.kz тілшісі осы уақыт ішінде Astana LRT құрылыс алаңында қанша оқыс оқиға болғанын анықтауды жөн көрді.

Ресми сауалға Астана Полиция департаменті Жедел басқару орталығының аппараттық-бағдарламалық кешенінің ақпараты бойынша 102 арнасына LRT құрылысына қатысты түрлі сипаттағы 70 өтініш түскенін хабарлады. Олардың арасында:

  • жол-көлік оқиғаларының 9 дерегі (кедергіге соқтығысқан – LRT қоршаулары және т.б.);
  • 21 жазатайым оқиға, оның ішінде 3 факт еңбекті қорғау ережелерін бұзу және 2 тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу;
  • сондай-ақ, LRT құрылыс алаңындағы заттардан көліктердің зақымдануының 30 дерегі тіркелді.

Еске салайық, биылдың өзінде Astana LRT-де бірнеше оқиға болды. Атап айтқанда, 9 мамырда құрылыс алаңында автокран опырылып құлаған.

18 шілдеде тұрғындар қауіпсіздік ережелерін бұзу дерегін видеоға түсіріп алған. Жұмысшылар жолдың үстімен құрылыс блогы немесе плитаға ұқсайтын заттарды тасымалдаған, бұл ретте оның астындағы жолда көліктер жүріп жатқаны көрінеді.

28 маусымда Астанада құрылыс алаңында өрт шықты. Компанияның баспасөз қызметі мәліметінше, LRT 117-118 бөлімінде фанера қалыптары өртенген.

Жақында, 9 тамызда жүк тиелген трал LRT құрылымына соғылды. Үш адам жарақат алған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети