08 қазан 2014 | 13:58

Күшік күйеу болғым келмейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

 Мен бір қызды өте қатты жақсы көремін. Оған бауыр басып қалғаным соншалық, онсыз өмір сүре алмайтын секілдімін. Өмірлік жарымды енді тауып, жеке отау құруға бел байлап, болашақ жарыммен бұл туралы ақылдассам, ол: "Егер екеуіміз үйленсек, онда сен біздің үйде тұрасың, себебі мен үйдің жалғыз қызымын" дейді. Мен оған үзілді-кесілді қарсы болдым. Өйткені күшік күйеу болғым келмейді. Бірақ онсыз өмірімді елестете алмаймын. Енді не істесем болады? Міне, осы сұрақтың жауабын таба алмай басым қатып, "Алаш айнасы" порталына сырымды ақтаруды жөн санадым. Көкірегі ояу, кең пейілді оқырмандар өздерінің ақыл-кеңесін қосар деген үміттемін.

Иконка комментария блок соц сети

Мен ол қызбен жүргеніме алты жылдың жүзі болыпты. Осы уақыт аралығында оның мінезін, ісін, өмірге деген көзқарасын, жалпы өзіме жар болуға лайықтығын әбден зерттедім. Дәл мен секілді тек бір қызбен жүріп, тұрақтылық таныту қазіргі жігіттердің екінің бірінің қолынан келе бермейді. Дегенмен алты жыл өмірімде тек бір қызды сүйіп, тек сонымен ғана қол ұстасып жүргенде, оның «біздің үйде тұрасың» деген сөзі жаныма қатты батты. Мен оны бүкіл достарыммен, бауырларыммен, ата-анаммен таныстырдым. Барлық кезде ол сыпайылық танытты, менің барлық жақындарыма ұнады. Бір-бірімізді құлай сүйдік. Бірақ жеме-жемге келгенде оның бұлай талап қояды деп ойламап едім. Әрине, ол бір үйдің жалғыз қызы екенін мен жақсы түсінемін. Екеуміз жеке отау құрған күннің өзінде оны туған үйіне жиі жіберіп тұратынымды айтқанмын. Бірақ мен оның үйіне барып тұратындай жетім бала емеспін ғой, менің де бауырларым, ата-анам, жақындарым бар емес пе? Ертең олар не ойлайды?..

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар...

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети