11 наурыз 2014 | 17:38

Күйеу үшін күрес...

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Алаш айнасы иллюстрациясы ©Алаш айнасы иллюстрациясы

 ...жүріп жатқандай бүгінде. Расында заңды түрде некеге тұрып, үбірлі-шүбірлі болып отырған отбасылардың іргесі сөгіліп, ажырасушылардың армиясын көбейтіп жатқаны жасырын емес. Оған себеп: оның себебі көп. Орта жолға келгенде ойы бұзылған отағасылар бала-шағасын жетім, әйелін жесір етіп тастап кетіп жатыр. Біреудің бақытын ұрлап жүрген бұрымдылардың қосар үлесі қомақты мұнда. "Алаш айнасының" тілшісі күйеуге талас қалай жүретінін байқап көрген еді. 

Иконка комментария блок соц сети

«Өзгені жылатып, тартып алған бақыттың баянды болмайтынын» айтып жарты күн тегін лекция оқысаң да құлағына қыстырмайды. Өйткені олардың кейбірі «басқалар күйеуге тиіп бақытты болып жатқанда менің құқым жоқ па?» деп қақылдауы мүмкін. Көзі тұнғандардың дені обал-сауапты ұмытты. Әйел байғұс балаларының болашағы үшін шырылдап әлек, ал жақындығы жездедей-ақ әке шіркін жас иісті аңсап, отбасы бақытын бір шетке сырып қойып сайрандап жүр. Мұның бәрі де кейде тоқтықтың, баршылықтың әсеріндей сезілетіні бар. Өйткені «өзбек байыса там салады, қазақ байыса қатын аладының» кері келіп тұрғандай. Бұрынғы заман болса ғой, жағдайы жарасып тұрса 5-6 әйел алуға рұқсат беретін, ол күн келмеске кеткен. Бір адамға тұсаулап қойған заман орнаған соң әйел-байғұс отағасын өзгелерден қорғаштап әлек. Содан бері әйелдердің психологиясына мықтап дәнін сепкен «бір әйелге – бір күйеу» қағидасының тоңы жібіген жоқ. Алда-жалда тоқал алу мәселесі заңмен бекітіле қалғандай жағдай болса, онда күндестер көтерілісі бұрқ ете қалуы кәдік... Бүгінде күйеу үшін күресіп, тіресіп, тіпті жұлысып жатқандар көп... 
 
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети