29 қаңтар 2015 | 11:48

Күйеуім ұрып-соғып, өкпелетсе де қимаймын...

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Отбасы-ошақ қасы" айдарының оқырмандары! "Қолда барда алтынның қадірі жоқ" демекші, кейде қатты ренішпен бір-бірімізді ойланбай өкпелетіп жатамыз. Уақыты келгенде сол адамдардың қадір-қасиетін түсініп, қимастық сезім бой алып өткеніңе өкінетін кездер де болады екен...


Иконка комментария блок соц сети

"Отбасы-ошақ қасы" айдарының оқырмандары! "Қолда барда алтынның қадірі жоқ" демекші, кейде қатты ренішпен бір-бірімізді ойланбай өкпелетіп жатамыз. Уақыты келгенде сол адамдардың қадір-қасиетін түсініп, қимастық сезім бой алып өткеніңе өкінетін кездер де болады екен...

Жас кезімде өсіп-өнген ортамнан жыраққа тұрмысқа шықтым. Бағым жанбай тағдырдың басқа салғанын көріп, бір қызымды жетектеп ауылыма қайтып келдім. Қайтсін ата-ана байғұс "тағдырдың жазғаны болар" деп жылы қабылдап, болашаққа жол ашты. Анам ақылын айтып, жігерлендіріп облыс орталығына қоя берді. Қалаға келіп қатарластарымнан қалмай жұмысқа тұрып, шағын жатақханада тұрдым. Кейіннен жағдайым жақсара бастағаннан кейін қызымды қолыма алдым.

Жатақхана маңындағы бір дүкенге сатушы болып орналастым. Қызым бала-бақшаға барады. Туған әпкелерім мен ата-анамның арқасында аяққа тез тұрып, есімді жинап кезінде тастап кеткен университетіме сырттай бөлімге оқуға түстім.

Сол кезде қандай қиындық болса да мойымай өзіме жігер беріп, қызымды жеткіземін деп шештім. Күйеуден бетім қайтқан басым жігіт атаулыдан алысырақ жүруге тырыстым. Өтіп кеткеннен соң бәрі айтқанға оңай сияқты, шындығында бір жалақыны анадан алып мынаған салып, бірі-біріне қосып қызым да өзім де жақсы киініп, тәтті тамақ жеуге тырысып өмір сүріп жаттық. Қашанғы туыс пен ата-анаға қол жаясың, әркімнің өз басына жетерлік "проблемасы" бар, ешкімге қол жайып, өкпелеуге де хақың жоқ.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.
 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети