Менің тұрмысқа шыққаныма биыл тура 12 жыл болды. Осы уақыт ішінде бақытты күндерімнен ұйқысыз түндерім көп болды. Екі күннің бірінде үйге қонбайтын қыдырымпаз күйеуімнің қылықтары мені әбден тойдырды. Жастау кезімде үлкендердің «қыдырмайтын, қызға бармайтын еркек болмайды, қайда барады дейсің, өз әйеліне, бала-шағасына қайтып келеді» деген сөздерін естіп, өзімді өзім жұбататынмын. Бірақ уақыт өткен сайын босағамыз берік бола түсудің орнына шаңырағымыз шайқалудың аз алдында тұр. Ішіме сыймаған сырымды «Алаш айнасына» ақтарайыншы...
Менің тұрмысқа шыққаныма биыл тура 12 жыл болды. Осы уақыт ішінде бақытты күндерімнен ұйқысыз түндерім көп болды. Екі күннің бірінде үйге қонбайтын қыдырымпаз күйеуімнің қылықтары мені әбден тойдырды. Жастау кезімде үлкендердің «қыдырмайтын, қызға бармайтын еркек болмайды, қайда барады дейсің, өз әйеліне, бала-шағасына қайтып келеді» деген сөздерін естіп, өзімді өзім жұбататынмын. Бірақ уақыт өткен сайын босағамыз берік бола түсудің орнына шаңырағымыз шайқалудың аз алдында тұр. Ішіме сыймаған сырымды «Алаш айнасына» ақтарайыншы...
Біз Думан екеуміз жас үйлендік. Ол 21 жасында, мен 20 жасымда отбасын құрдық. Екеуміз алғаш танысқан кезде-ақ мен Думанның қызқұмар екенін байқадым. Өйткені ол өзі сондай сымбатты, сөзге шешен еді, ол гитарамен ән салғанда қыз біткеннің бәр оған ғашық болатын. Сол тәмам қыздың ішінен Думанның таңдауы маған түсті. Студенттік шақта Думан мені барлық отырыстарға, думанды кештерге ертіп баратын. Жұбымыз жазылмай жүрген күндердің бірінде мен өзімнің жүкті екенімді білдім. Сонымен Думанның ата-анасы мен менің анам біздің тойымызды жасап берді. Менің анам өзімнен кейінгі інім екеумізді жалғыз өсірді. Мен тұрмысқа шығып бара жатқанда анам: «Қызым, сен осы жігітті өзің таңдадың, өзің ұнаттың. Отбасын құрған екенсіңдер, кейін маған Думанды жамандап, үйге қайтып келуші болма» деп ескертті. Сонда анашым Думанның әлі ақыл тоқтатпағанын, жастық жалыны басылмағанын, ойын-сауыққа қанбағанын меңзеген екен-ау.
Сонымен той өтіп ыстық-суығымыз басылған соң менің отбасы, ошақ қасындағы келіндік міндетім басталып кетті. Өзімнің аяғым ауыр, студентпін, таң атпай сабаққа кетемін, түстен кейін үйдің тіршілігі мойнымда. Алғашқы күннен бастап ата-енеммен, қайын сіңілім мен бірге тұрдық. Думанның ағасы әйелімен бөлек тұратын.
Енем балаларының ішінде Думанды еркеше жақсы көретін. Ол қандай бұзықтық жасап, ерсі қылық көрсетіп жатса да, анасы Думанның сөзін сөйлейді. Маған енем қашанда «Сен Думанның әйелісің, бұл ең бастысы. Сен оны болмашы қыздардан қызғанып өз беделіңді түсірме, телефонын тексерме. Отбасының ойран болмауы әйелге байланысты. Төзімді бол. Күйеуің үйге өзі қайтқысы келіп, асығып тұратындай болсын» деп ақылын айтып отыратын.
Сөйтіп анам мен енемнің ақылын тыңдап Думанның кейбір қылықтарына қандай ыза болсам да, ашуланғанымды білдірмей, дәмді тамақ жасап, үйді таза ұстап, күйеуімнің көңілін табуға тырысып жүрдім.
Тұңғышымыз Аяулым дүниеге келгенде перзентханаға Думан бір топ достарымен мас болып келді. Оның бұл қылығына да кешіріммен қарадым. Нәрестеммен үйге барғанымызда Думан біздің жанымызда болады ғой, қазір достарымен көңіл көтерсінші деп өзімді өзім жұбаттым. Бірақ Думан тұңғыш қызын анда-санда бір иіскегені болмаса, әке болып баласына қарасқан емес. Күндіз-түні үйде жоқ, не тұрақты жұмысы жоқ. Бір жылдан кейін ұлымыз дүниеге келді. Бірақ Думан екі баланың әкесі екенін де түсінгісі келмеді, өзін бойдақ жас жігіттей ұстайтын. Үйге жуынып, киім ауыстыру үшін, тамақ ішу үшін келетін. Әйтеуір енем немерелерін жақсы қарады. Екі бала бірінен кейін бірі қатар болғандықтан мен біраз қиналдым. Осындайда маған енемнің көмегі тиді. Баласының жамандығын жасырып, жақсылығын асырып отырады ол кісі.
Уақыт сырғып өте берді. Балаларымыз да мектеп жасына жетіп қалды. Ал Думан екеуміз, бірде тату, бірде қату өмір сүріп жаттық. Мен өз мамандығым бойынша қаржы саласында жұмыс істеп жүрдім. Ал Думан жеке бизнеспен айналысуға әрекет жасады. Біраз табыс тауып, ол ата-анасына жеке баспана сатып әперді. Сөйтіп бала-шағамен бөлек шықтық. Бірақ ата-енем бізге жиі келіп, немерелерін мектепке апарып, солардың жағдайын жасап тұрады.
Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.